Жексенбі, 24 Қараша 2024
2061 1 пікір 15 Шілде, 2020 сағат 13:10

АҚШ коронавирусқа қарсы вакцинаны жаппай сынауды бастады

Американың Moderna биотехнологиялық компаниясы COVID-19 вакцинасын жаппай сынауды бастады.

Компания бұл ақпаратты тестілеудің екінші кезеңін аяқтағаннан кейін мәлімдеді. Сынақ барысында алғашқы 45 ерікті коронавирусқа қарсы антиденелер жасады. Зерттеушілер вакциналардың ешқандай қауіпсіз екенін анықтап, тестілеудің келесі кезеңіне өтуге болатынын айтты.

Сынақтың соңғы кезеңі 27 шілдеде басталады. Ол кезде вакцинаны 30 мың адам сынақтан өткізеді. Бұл кезеңде вакцинаның қауіпсіздігі тексеріліп, оның SARS-CoV-2 вирусымен туындаған инфекцияның алдын алуға болатын - болмайтындығы сыналады. Ғалымдардың пікірінше, инфекция болмаса немесе COVID-19-дың ауыр түрлері болмаса, сынақты сәтті деп санауға болады. Аталған сынақ кезеңі 27 қазанға дейін жалғасады. Содан кейін деректер вакцинаны мақұлдау үшін АҚШ Денсаулық сақтау министрлігіне жіберіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейде коронавирустық вакцинаны сынақтан өткізу аяқталған болатын.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543