Австралияда қазақстандық келіншектің өлтірілуіне байланысты қылмыстық істі аяқтау желтоқсанның соңына қарай аяқталады деп жоспарлануда – ҚР СІМ
Астана. 28 қараша. ҚазТАГ - Австралияда Қазақстан азаматшасы Сағынай Батырханованың өлітірлуіне қатысты қылмыстық істі тергеу желтоқсанның аяғына дейін аяқтау жоспарлануда, деп ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті. «Қазақстандық тараптың өтінішімен Брисбон қаласының полиция департаменті аталған қымыстық істі тергеуді мейлінше шапшаңдатуда, және оны биылғы жылдың желтоқсанының соңына қарай аяқтау жоспарлануда», - деді ол дүйсенбі күні журналистердің осыған қатысты қойған сауалына жауап беріп.
Сонымен қатар, СІМ мәліметтерінше, Брисбон қаласының тергеу бөлімінің аға констебелі Тейлор мырза, Тайланд азаматының С. Батырханованы өлтіруіне байланысты «тергеуді сапалы бітіру қажеттігі себепті» оны тыңдауды кейінге қалдыру туралы өтініш бермекші. Одан басқа, дейді СІМ өкілі, қаза болған азаматшаның мүддесін өкілдендіріп жүрген заңгерлік компания адвокаты нәрестенің қай жаққа берілетіндігін, анасының жағына ма, әлде әкесінің жағына берілетіндігін федералдық деңгейдегі ең жоғарғы сатыда шешілетінін растады. Бұрын хабарланғандай, 22 жасар Қазақстан азаматшасын Брисбон қаласында 1 қазанда өлтірілді. Ол Гриффит университетінің бірінші курс студенті тұғын. Оны өлтірген деген күдікпен Тайланд азаматы ұсталды.

Ол қылмысын мойнына алды. 2011 жылы 3 қазанда айыптының үстінен алғашқы сот тыңдаулары өтті. Сот Тайланд азаматын 2011 жылғы 5 желтоқсанға дейін қамауда қалдыру керек деп шешті. Тайланд азаматы мен С. Батырханованың некесіз туылған ұлдары Австралия әлеуметтік қызметінің қамқорлығында. Бұл ретте ол ұлдың биологиялық әкесі болып табылатын Тайлан азаматы ұлын өзінің ата-анасына берілуін талап етуде.