Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3731 0 пікір 28 Қараша, 2011 сағат 12:23

Қазақстанның бірқатар аймақтарында қант қымбаттады– мониторинг

Алматы. 28 қараша. ҚазТАГ - ҚазТАГ агенттігі азық-түлік бағасына жүргізген мониторингі Қазақстанның бірқатар  аймақтарында қант бағасының қымбаттағанын көрсетті.

Өткен аптада Ақтөбеде қанттың 1 кг-ның бағасы Т140-тан Т145-ке дейін қымбаттады, Қызылордада Т160-тан Т170-ке дейін, Қостанайда Т150-ден Т160-қа, Оралда Т140-тан Т152-ге көтерілді. Қанттың бағасы арзандаған жалғыз қала Павлодар екен, онда 1кг қант бағасы Т200-ден Т170-ке дейін төмендеді.

Қостанай және Қызылорда облыстарында қарақұмық бағасы Т20-ға қымбаттап, тиісінше Т300-ден Т320-ға, Т400-ден Т420-ға қымбаттады.

«Ақтөбеде қарақұмық Т15-ке арзандап, Т245 тұрды, қияр мен қызанақ Т62 және Т184-ке дейін көтерілді», - деп агенттік тілшілері хабарлады.

Меншікті тілшілеріміздің хабарлауынша, Өскеменде өткен аптада көкөніс бағасы Т5-10 аралығында тербеліп тұрды. Қарағандыда Т60-тан Т65-ке дейін картоп пен пияз бағасы қымбаттады.

Тараздың орталық базарында көкөніс бағасы Т10-15-ке көтерілді.

«Бұл ретте, сәбіз бағасы пиязға қарағанда айтарлықтай қымбаттады, себебі жергілікті аграрилер биыл пиязды сәбізге қарағанда 3 мың гектарға артығымен екті. Сондықтан аймақта биыл пияз көп. Сиыр еті мен қой еті Т50-ге қымбаттады. Сүт өнімдері де Т50-100-ге қымбаттады, себебі сүт бағасы бұрынғыдай Т150 деңгейінде тұрақтап тұр. Бұл Жамбыл өңіріне тән емес құбылыс», - деп тілшіміз Тараздан хабарлады.

Бұл ретте Семейде пастерленген сүт жаздан бері Т30-40-қа өсті, шамамен сондай бағаға айран бағалары да қымбаттады. Өсімдік майының бағасы Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында Т5-тен Т20-ға дейін көтерілді.

Қазақстан аймақтарындағы азық-түлік бағасымен ұсынылып отырған кестеден немесе «ҚазТАГ» ХАА сайтынан көрулеріңізге болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338