Жексенбі, 24 Қараша 2024
2382 3 пікір 17 Шілде, 2020 сағат 11:11

Қырғыздар президентін сотқа берді

Қырғызстан азаматы Раушан Айтқұлова елдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығып кетуіне байланысты Президент Сооронбай Жээнбековті сотқа берді. 

Оның Жээнбеков пен басқа да шенеуніктердің үстінен жазған арызын Бас прокуратура қарап жатыр.

«13 шілдеде азамат Раушан Айтқұловадан Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен өзге де жоғарғы қызметтегі шенеуніктерді қиындап кеткен эпидемиологиялық жағдай мен күн сайынғы өлім-жітім үшін жауапқа тарту туралы арыз түсті. Арыз прокуратураның жалпы бөлімінде тіркелді», – делінген Қырғызстанның Бас прокуратурасы таратқан мәліметте.

Раушан Айтқұлова – журналист әрі қоғам белсендісі, «Фатиха» атты қордың төрағасы.

Ол президентті жауапқа тарту туралы бұған дейін де әлеуметтік желіде жазып, импичментке қол жинаған. Қазірге дейін 2,5 адам қол қойыпты.

Қырғызстандағы жағдай бойынша 11,5 мың адам коронавирус жұқтырып, 149 адам қайтыс болған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543