Ұлттың ұлы мұраты ұйыстырған
Менің есіме 2008 жылдың 23 мамырында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ақордада бір топ қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездесіп, ұлттық жаңғыру және халқымыздың бәсекеге қабілеттілігі аясындағы келелі мәселелер бойынша кең көлемді сұхбат бергені еріксіз орала береді. Сол сұхбатында Елбасы былай деп атап өткен-ді:
«Мұнан біраз жыл бұрын Қазақстан егемен ел ретінде қалыптасу белесінен өтті, ер-тұрманымыз бүтінделді, енді қазақ атқа қонады, көп ұзамай, әлемдік додаға қосылады деген едім. Айтқаным келген жоқ па? Келді ғой. Сол тілекті Құдай берген жоқ па? Берді ғой.
Міне, енді Қазақстан тұлпары әлемдік бәйгеге қосылады. Қосылғанына көп болмаса да арғымағымыз арындап, алға басып келеді».
Алдымен Қазақстанымыздың егемен ел ретінде қалыптасып, содан кейін өзі шыққан белесін артқа салуы арасында қаһарман халқымыздың, тұңғыш Елбасымыздың толассыз ерен еңбегі жатқанын көз алдыға әкеліп көрелікші. Бұрынғы алып империя - Кеңес Одағы күйреді. Қазақстан Тәуелсіз ел атанды. Сол бір тәуелсіз қоғамымыз жадағай қоғам болатын. Мұндай ілуде бір кездесетін ғаламат жаңалыққа - егемен ел орнатуға жаңа қоғам саяси да, экономикалық тұрғыдан да дайын емес еді. Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның жаңа тарихына осындай өте күрделі шақта енді.
Менің есіме 2008 жылдың 23 мамырында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ақордада бір топ қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездесіп, ұлттық жаңғыру және халқымыздың бәсекеге қабілеттілігі аясындағы келелі мәселелер бойынша кең көлемді сұхбат бергені еріксіз орала береді. Сол сұхбатында Елбасы былай деп атап өткен-ді:
«Мұнан біраз жыл бұрын Қазақстан егемен ел ретінде қалыптасу белесінен өтті, ер-тұрманымыз бүтінделді, енді қазақ атқа қонады, көп ұзамай, әлемдік додаға қосылады деген едім. Айтқаным келген жоқ па? Келді ғой. Сол тілекті Құдай берген жоқ па? Берді ғой.
Міне, енді Қазақстан тұлпары әлемдік бәйгеге қосылады. Қосылғанына көп болмаса да арғымағымыз арындап, алға басып келеді».
Алдымен Қазақстанымыздың егемен ел ретінде қалыптасып, содан кейін өзі шыққан белесін артқа салуы арасында қаһарман халқымыздың, тұңғыш Елбасымыздың толассыз ерен еңбегі жатқанын көз алдыға әкеліп көрелікші. Бұрынғы алып империя - Кеңес Одағы күйреді. Қазақстан Тәуелсіз ел атанды. Сол бір тәуелсіз қоғамымыз жадағай қоғам болатын. Мұндай ілуде бір кездесетін ғаламат жаңалыққа - егемен ел орнатуға жаңа қоғам саяси да, экономикалық тұрғыдан да дайын емес еді. Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның жаңа тарихына осындай өте күрделі шақта енді.
Иә, осынау тағдыршешті кезең еліміз, Елбасымыз дәл суреттегендей, «темір таяқ - инедей, темір етік - түймедей» болғанша жан-жақтан анталаған әлеуметтік-саяси, экономикалық қиыншылықтармен арпалысқа түсті. Елбасымыз болса, әу бастан тәуелсіздік тарихтың мәңгіге бөліп берген еншісі емес, халықтың мамыражай өмір сүруіне берілген кепілдік те емес екенін айта келіп, қарапайым да қасиетті тұжырымды - азаттық алумен іс бітпейді, оны сақтап қалу үшін заманға сай амалың болуы керектігін батыл ұсынумен келді. Елбасымыздың дана саясаткер тұлға екенін жалпақ әлем мойындады.
Қазақстанның соңғы онжылдықтағы сыртқы саяси табыстарына Мемлекет басшысының тікелей қатысуымен қол жеткізілді. Ең бір ықпалды халықаралық ұйым ЕҚЫҰ-ға 2010 жылғы сәтті төрағалық ету еліміздің дәуірлік жетістігі болып табылады. Осы ұйымның Астанада өткізілген соңғы 11 жыл ішіндегі бірінші саммиті ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның басшылық етуінің нәтижелеріне ерекше мағына қосты. Үстіміздегі жылы Қазақстанның беделді әрі ықпалды мемлекет ретінде халықаралық тұрғыдан танылған абыройы арта түсті. Еліміз Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы бір жылдық төрағалық функцияларын табысты жүзеге асырса, 1 шілдеден бастап ИКҰ төрағалығына кірісті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен осы ұйымның аты Ислам ынтымақтастығы ұйымы болып өзгертілді. Ынтымақтастық сөзі бүкіл мұсылман жұртын ортақтастыра түсетініне сенеміз. Ал Астанада өткен ШЫҰ-ның оныншы мерейтойлық саммиті саяси күнтізбенің елеулі оқиғасы болды. Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы халықаралық үндеуі жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан қомақты үлес болып табылады.
Мемлекет құрылысының жиырма жылдық тарихы, осындай күрделі де ізгі жолда қол жеткізген жеңісті жолдары, таяудағы және одан арғы кезеңдерді көздейтін межелер Қазақстанның дамуы әлемдік тәжірибеде жалпы қабылданған демократия, «адами капиталға» ұқыпты көзқарас қағидаттарына сәйкес келеді деген тұжырым жасауға негіз бола алады, мұның өзі біздің қоғамның таңдап алған бағытының дұрыстығын танытады.
Бұл ретте «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Конституциялық заң жаңа, тәуелсіз Қазақстанды дамыту үшін негізгі құжат болып табылатындығын әрқашан есте сақтау қажет. Құжат «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» 1990 жылғы 25 қазандағы декларациясының негізгі қағидаттарын бекітіп, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің нағыз декларациясына айналды. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы тұсында оқиғаның ерекше маңызын сезіне отырып, Парламенттің, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы декларациясын қабылдауын орынды деп санаймын.
«Қазақстан өзінің 20 жылдық мерейтойын әлемдік үйлесімдік идеялары арқылы интегратор мемлекетке айналумен қарсы алып отыр. Осынау құн жетпес идеяның авторы да, бастамашысы да, іске асырушысы да тұңғыш Елбасымыз екенін сезіп, білген қандастарымыздың өн бойын күш-қуат жалыны кернемей ме? Басқаша болу мүмкін емес. Нұрсұлтан Әбішұлы әлемдік үйлесімдік идеясын сәтті бастап кетті. Осы идеяның дамушы мемлекеттері үшін ауадай қажет екеніне уақыт төреші айқындауда. Орталық Азияда көшбасшы атанды, Еуропамен үзеңгі қағыстыра бастады. Тек жаңа Астана салу арқылы ғана Нұрсұлтан Әбішұлы ұлттың беделін қайтарып алу деп өрілетін ғаламат жеңіс сыйлады туған халқына. Сөйтіп, жаңа Астана әлем төріне айналды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың дана саясаты арқасында Тәуелсіз Қазақстан халқының қол жеткізген ұлан-ғайыр жетістіктеріне прогрессивті адамзат әділ бағасын беруде және Қазақстанымыздың болашағына сеніммен қарауда деген сенім көкейімізге ұя салуда. Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың айтулы реформатор тұлға ретінде жасампаз идеяларының нақты іске айналып келе жатқанына пір Бекет Атаның отаны - Маңғыстау елі ризашылығын білдіруде.
Өткен 20 жыл бедерінде қазыналы түбектің әлеуметтік-экономикалық бейнесі адам танымастай өзгерді. Бұл, сөз жоқ, Елбасымыздың осы өлкеге деген қамқорлығының арқасы. Елбасымыздың тапсырмасымен бұрынғы Ақтау шағын теңіз порты халықаралық теңіз сауда портына айналды және осының негізінде еркін экономикалық аймағы құрылды. Осында Каспий жағалауы елдері мемлекет басшыларының бейресми кездесулері өткізілді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өзі атап өткеніндей, Каспий әлемдік геоэкономикалық, экологиялық және биошаруашылық мүдделер арқылы өзіне тарта отырып, әлдебір дербес қоғамдастыққа біріктіруге қабілетті геосаяси өңір ретінде көрініп келеді. Оған сонымен қатар шекаралас барлық мемлекеттердің теңіз суы қоймасын өзара түсіністікпен бірлесе пайдалану жөніндегі ұстанымдары да игі ықпал етуде.
Біздің мемлекетіміз Каспий теңізі жөнінде осы және өзге де Каспий жағалауы мемлекеттері таныған, құрмет тұтатын келісімдерді мүлтіксіз жүзеге асырудың барлық іс-шараларын адал орындауда. Бір ғана мысал, Каспийдің экологиялық проблемалары әрдайым Үкіметіміздің басты назарында. Өйткені, Каспийдің экологиялық тепе-теңдігін қамтамасыз етпейінше, табиғаттың өзі бес көршілес елге сыйға тартқан Каспийді орны толмас қасіретке ұшыратуымыз бек мүмкін.
Соңғы отыз жылдың ішінде Каспийдің экологиялық жүйесі қатты өзгерістерге ұшырап, төмендеп кетті. Ұшы-қиыры жоқ Каспийдің сұлулығына табиғи факторлар сияқты техногендік проблемалар да қауіп төндіруде. Оның тұтастығына көптеген табиғи және қолдан жасалған факторлар әсер етеді. Бәрінен бұрын бұл - геодинамикалық тұрақсыздықтан туындаған теңіз деңгейінің өзгермелілігі мен Орталық және Оңтүстік Каспийдің лай атқылайтын жанартаулық мазасыздығы. Сонымен қатар біз өзендермен келетін өнеркәсіптік ағынды сулар мен су астында қалған ұңғылардан ластану жағдайлары және сырттан келген теңіз жебірі гребневикмнеми Опсистің қоныстануына байланысты биологиялық факторлардың әсерін де ескермей отыра алмаймыз. Қауіп-қатерлердің арасында Каспий аймағында мұнай кен орындарын игеруден туындаған қазіргі техногендік ластанулар бар. Осы мәселелер ескеріле отырылып, жағдайды анықтауға «Гринпис» сияқты халықаралық ұйымдарды тарту ұсынылды. Мұндай беделді ұйым сарапшыларының көмегімен біз Каспий бассейнінің биологиялық және экологиялық ресурстарына барынша сапалы бақылау жасай аламыз. Сондай-ақ алдағы ықтимал апаттардан экономикалық сақтану үшін Солтүстік Каспий және басқа оффшорлық жобалар бойынша өнімді бөлу туралы келісімдер мен келісім-шарттарға тиянақты талдау жүргізу қажет.
Маңғыстау облысының әкімдігі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Каспий теңізі акваториясын сақтау және қорғау жөнінде шұғыл шаралар қабылдау қажет деп есептейді. «2008-2010 жылдарға арналған Маңғыстау облысының қоршаған ортасын қорғау» бағдарламасына сәйкес Каспий теңізінің жағалауында, Кендірлі демалыс аймағы, Құрық кенті, Ақтау және Форт-Шевченко қалалары учаскелерінде ұзындығы 284,5 шақырым су қорғау аймақтары мен алаптары белгіленген. Алдағы уақытта мұндай жұмыс ұзындығы 1086 шақырым Маңғыстау облысының бүкіл жағалаулық желісі бойынша жалғастырылатын болады.
Бес жылдан бері ғарыштық қашықтан барлап білу технологияларын қолдана отырып, Каспий теңізінің қайраңы мен жағалау аймағында мемлекеттік экологиялық мониторинг өткізілуде. Каспий теңізінің қазақстандық секторы кеңестігінің мониторинг жүйесін құру жөніндегі арнайы аймақтық бағдарлама жасақталды. Бұл шаралар Маңғыстау облысының аумағына жататын Каспий теңізі секторында экологиялық жағдайды қадағалауға мүмкіндік береді.
Ғылыми ұйымдар арқылы «Маңғыстау облысын экологиялық аудандарға бөлу мен табиғи және әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің экологиялық сыйымдылығын анықтау» жобасын жасау жөніндегі жұмыс аяқталды. 2009 жылы облыс әкімдігі арқылы төрт Каспий аймағы елдері ғалымдары мен мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен «Каспий бассейні аумағының экологиялық жағдайын басқару проблемалары» тақырыбына халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Өткен жылы Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бірге еліміздің мүдделі министрліктері мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Каспий теңізі: бүгіні және болашағы» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Сонымен қатар облыста индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде тауарлы бекіре фермасы салынуда. Мұнда жылына 60 мың тонна балық өнімдері өндіріледі.
Ш.Есенов атындағы университет Елбасы алға қойған еліміздің ғылыми әлеуетін жаһандық деңгейге көтеру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру үстінде. Құрамында жүзден астам әр саланың ғылым докторлары мен академиктері, кандидаттары мен аспиранттары еңбек ететін бұл интеллектуалдығы жоғары білім ордасы жиырмадан астам шетелдік ғылыми орталықтар және университеттермен іскер, творчестволық байланыс орнатқан. Жас ғалымдардың ғылыми және практикалық жұмыстарды сол әріптестермен тізе қоса жүргізулері дәстүрге енуде.
Қазақстан дүние жүзінде шетелдегі қандастарына қамқорлық жасап, тарихи Отанына қайтарып алып жатқан үшінші ел. Түрлі нәубеттер әсерінен дүниеге тарыдай шашылып кеткен қандастарымызды елге әкеліп, жастарын оқытып, дүние жүзі қазақтарының құрылтайларын өткізіп, үлкен шаруалар тындырылуда. Маңғыстау облысы бұл ретте республикада көш бастап келе жатқандар легінен орын алды. Оралмандар үшін жаңадан Батыр, Аппақ елді мекендері ірге теуіп жатыр. Ақтау қаласында елге оралған туыстар орналасатын, кіріктіру орталығы 2010 жылы тапсырылды. 2010 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев осы орталықта болды. Ризашылығын, тарихи отанына оралған ағайындарға ақ тілек, ізгі ниетін білдірді. Бұл Елбасымыздың 70 жасқа толу қарсаңы еді. Алыста жүріп, елді сағынған оралман ағайындардың 70 келіні қатар тұрып ізетпен сәлем етіп, Елбасымызға құрмет көрсетті. Елдік ата дәстүр нышанын әулиелі Маңғыстау жерінде байқап көрген Елбасы ел келіндеріне батасын арнап, бір сәт толғанысты күй кешті.
Ақтау қаласының бүгіні мен болашағы әрқашан Елбасының басты назарында болып келеді. Айталық, қаланың «Аққу» шағын ауданының жаңа Ақтау-Сити ауданының бой көтеруі бұл айтылғанның жарқын дәлелі. Рас, әлемдік экономикалық дағдарысы құрылыс қарқынына кері ықпалы болды. Араб инвесторларының жоспары да белгілі деңгейде өзгеріске ұшырады. Ел басшылығы мен облыс әкімі Қ.Көшербаевтың бастамашылдығы нәтижесінде «Аққу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұйымдастырылды. Осы кәсіпорын «Аққудың» алғашқы шағын ауданын салуды табысты жалғастыруда. Тек биылдың өзінде жаңа құрылысқа 8 миллиард теңге бөлінбек. Оның 2,7 миллиард теңгесі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Сөйтіп, «Аққу-Сити» жаңа шағын ауданының алғашқы құрылыстары басталып келді. Бұл 46 мың шаршы метр тұрғын үй, үш бірдей балабақша, спорт сарайы құрылыстарына негіз қаланады деген сөз.
Еуразия мен Иран теңіз аймақтарын жақындастыратын Солтүстік-Оңтүстік стратегиялық трансұлттық дәліз Маңғыстау өлкесінің бағын жаңа қырынан аша түспек. «Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» жаңа темір жол магистралі - «Өзен-Қызылқия-Берекет-Этрек-Горган» халықаралық жобасының бір бөлшегі. Еуразия мен Иран теңіз айлақтарын барынша жақындастыратын Солтүстік-Оңтүстік стратегиялық трансұлттық дәлізінің маңызды телімін ашу 2011 жылдың соңына жоспарланып отыр.
Аса ауқымды құрылысты атқаруды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-қа жүктеді. Темір жолдың қазақстандық 146 шақырымдық бөлігінде 68 жасанды ғимарат, 7 станса мен жолайырықтары, төрт көпір салынады. Құрылыс жұмыстарына еліміздің түпкір-түпкірінен екі мыңға жуық маман тартылған. Қазақстан Президентінің тапсырмасына орай «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ темір жол теліміндегі тапсырыстардың 80 пайызын отандық өндіріс орындарына орналастырды.
Жаңа темір жол магистралы еліміздің бәсекелестікке сай әлеуетін өсіріп, Қазақстанға жаңа халықаралық көлік дәлізін ашады. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық шежіресі әлі жазылып біткен жоқ. Ел шежіресі өз тарихының басын толағай табыстармен бастады. Оның одан әрі де баянды боларына қараорман халқымыз сенеді.
Өмірзақ ОЗҒАНБАЕВ, философия ғылымдарының докторы.