Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 5439 9 пікір 20 Шілде, 2020 сағат 13:57

Мәскеудің «қаңбақ күші» Қазақстанға қалай әсер етеді?

Соңғы кезде қазақстандық орыс тілді БАҚ Мәскеудің «Қаңбақ күшін» кеңінен сөз ете бастады. Оған себеп РБК медиапорталындағы «Билік ресейлік «қаңбақ күшті» реформалауға көшті//Власти приступили к реформе российской «мягкой силы» атты жарияланым түрткі болды. Осы мәселеге қатысты  CAMONITOR.KZ сайтында бірқатар қазақ саясаттанушылары, атап айтсақ: Жақсылық Сәбитов, Айгүл Омарова және Ислам Кураевтар өз ойларын Әсел Өмірбекпен болған сұхбатта ортаға салды

Сұхбат авторы үш саясаттанушыға «Қанша айтқанмен... Батыста өз беделінен айырылған Ресей ең құрығанда посткеңестік кеңістікте «үлкен аға» имиджін қайыра қалпына келтіруге тіптен мүдделі…» деп сұрақты төтесін қойды. 

Жақсылық Сәбитов: «Қаңбақ күшке» қатысты Ресей мәлімдемесін елеп-ескеріп керегі жоқ» деп арқаны кеңге салса, Айгүл Омарова өз кезегінде «Ресей тарапынан қатты қысым жасалады деп алаңдауға еш себеп жоқ» деп ой түйіндегенімен: «Егер Қазақ еліндегі орыс жұртшылығын жайлы сөз ететін болсақ, әлденені болжай қою қиынның қиыны десек те,  олардың белгілі бір бөлігі әлбетте ресей ықпалының арта түсуіне үміттенгенімен, қалған басым бөлігі өздеріне қатысты солтүстік көршіміздің әпербақандық әрекетін хош көре бермейді» деген пікір айтып, қазақ еліндегі оркеңдер арасындағы «өз және өзгелік» жікке бөлінудің орын ала бастағанын еш жоққа шығармайды.

Ислам Кураев қазақ елінде Ресейге бүйрегі бұратын жасырын топтың барлығын, жоқ болса таяу арада құрылатындығын да жоққа шығармайды. «Сол себепті Қазақстан басқада кез келген мемлекет сияқты өз ақпараттық қауіпсіздігін мығымдай түсуге тиіс», - деп ақыл қосады. Әрі егер дер кезінде алдын алмасақ, онда Путин қол қойған орыс тілділердің қос азаматтық құқығы қазақ қоғамындағы 3 миллион этникалық орыстың әм орыс тілділердің ортасына от жағып, елімізді алатайдай бүлдіретіндігін баса сөз етеді. Өз тарапынан осындай айқын қауіпке қарсы тұру жолында билікті қос азаматтығы барлармен бел шеше күресуге шақырады.

«Бейқамдықпен, көпшілігіміз тұтастай алғанда әм Қазақстан, әм басқа да ТМД елдері Ресейге ақпарат майданында ұтылып жатқандығын елемейміз. Мысалға, Қазақ еліндегі барша орыс тілді БАҚ ым-жымы бір болғандықтан әрқашанда Кремльдің сойлын соғады, демек, біз қауқарсызбыз. Жалғыз жол күн сайын саны өсіп, үстемдігі артып келе жатқан қазақ тілді аудиторияның ықпалын өз ішімізде арттыру. Бірақ солтүстік көршіміз бұлай боларын баяғыда-ақ сезініп, қазақ тілін жетік меңгерген кәсіби мамандарын даярлап та қойды. Ресейде орыс-қазақ аудармашыларын дайындайтын университеттер жетіп артылады. Олар бұл бағытта соңғы 5-6 жылдан бері қауырт іске көшті. Біздің ақпараттық алаңымыздың қауіпсіздігі жайлы сөз ету өте күрделі мәселе» деп өз қауіптенуін ашып айтады.

Осылайша «Ресейдің «үлкен ағалық» жоспары бізді қайда апарып тасқаяқтай соқтырады» деген ауыр ойға қаламыз. 

Жақсылық Сәбитовтің: «Менің бір досым айтқандай, «Солженицын, Лимонов, Жириновский және басқада ресей саясатшыларына біздің «жеке пікірге құлдық ұрушылар» ескерткіш тұрғызуға тиіс. Олар біздің етекбасты жекелеген қазақстандық идеологтарға қарағанда көп жағдайда өздерінің империяшыл өркөкіректіктері арқылы ҚР азаматтарын ортақ мүддеге жұмылдыра алды»,- деген пікірімен осы орайда келіспеске амал жоқ.

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1561
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3363
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6360