«Екінші Ялтаның» күлі көкке ұшты...
Қытайдағы халықаралық саммит Ресей президенті Владимир Путин үшін дипломатиялық тосын жайттар мен ыңғайсыз сәттерге толы болды. Дональд Трамп пен Си Цзиньпинмен тең дәрежеде кездесіп, әлемді үшке бөліп, «екінші Ялта» жасаймын деп барған Кремль басшысы салтанатты кешкі аста тіпті негізгі үстелден де орын табылмаған.
Қытайлық хаттаманың салқын қабағы әуежайдан-ақ басталды. Ресей басшысын ұшақ баспалдағынан Бейжің иерархиясындағы небәрі бесінші деңгейдегі шенеунік күтіп алды. Оның үстіне бойы Путиннен әжептәуір биік қытайлық өкілдің қасында ол айтарлықтай аласа көрінді.
Қабылдау кешіндегі оркестрдің әрекеті де саяси иронияның шыңына айналғаны анық. Дональд Трампты құрметпен АҚШ әнұранымен қарсы алған музыканттар Путин кіріп келгенде Петр Чайковскийдің «Шағала» балетіндегі әуенін ойнап қоя берді.
Мемлекет басшыларының ортақ суретке түсу рәсімі де шынайы геосаяси салмақты паш етті. Протокол мамандары Путинді ортаға емес, Си Цзиньпиннің зайыбының тасасына, Вьетнам президентінің дәл қасына ысырып тастады. Тісін қайрап, амалсыз күлімсіреп тұрған оның жүзінен ыңғайсыздық айқын байқалды.
Мұның үстіне үшжақты басқосудың күн тәртібі де Кремльдің жоспарын бұзды. Келіссөздер тек ядролық қаруды бақылау мәселесіне арналмақ. Путиннің Украина тақырыбын қозғап, саудаласуға тырысқан талабын АҚШ пен Қытай талқылаудан үзілді-кесілді бас тартты. Қырым көпірі су түбіне кетіп жатқан шақта, Қытай төрінде осылайша шеттетіліп қалу империялық амбицияның халықаралық сахнадағы шынайы бағасын көрсетіп берді.
Abai.kz