Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3643 0 пікір 1 Желтоқсан, 2011 сағат 13:58

Назарбаев жасөспірімдер мен жастарға арналған ғылыми басылым құруды тапсырды

Алматы. 1 желтоқсан. ҚазТАГ - ҚР президенті Н. Назарбаев бейсенбі күнгі Қазақстан ғалымдарының формумында байланыс және ақпарат министрлігіне (БАМ) ҚР білім және ғылым министрлігімен (БҒМ) бірлесіп, жасөспірімдерге, жастарға, жас мамандарға арналған басылым құру мәселесін пысықтауды тапсырды.

Елбасының пікірінше, елімізге отандық ғылыми-ақпараттық кеңістікті дамытып, және қазақстандық ғылыми журналдардың сапасын, олардың әлемдік ғылымдарда танымалдығын арттыру қажет.

«Естеріңізге алыңыздаршы, кезінде бірнеше буын «Юный натуралист», «Юный техник», «Техника молодежи» сынды журналдарды таласып оқитын. Ол жастарды тәрбиелеп, оларды ғылыми зерттеулерге жетелейтін», - деді Н. Назарбаев.

«Ғылымға маманданған қазақстандық интернет-сайт жасау керек», - деді ол.

Бұл ретте ол жақында, Қазақстан тәуелсіздігінің қарсаңында Астанада Оқушылар сарайы пайдалануға тапсырылатынын еске салды.

«Онда жастарға арналған ұлттық интерактивті парк құруды ұсынамын. Білім және ғылым министрлігі қала әкімшілігімен бірлесіп осы мәселені пысықтаулары тиіс», - деді елбасы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5335