АҚШ-тың Чэндудегі (Қытай) консулдығы жабылды
АҚШ-тың Чэнду қаласындағы консулдығы Қытай талаптарына сәйкес ресми түрде жабылды.
- 2020 жылғы 27 мамырда сағат 10.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 8.00-де) Чэндудегі АҚШ-тың бас консулдығы қытайлық тараптың талаптарына сәйкес жабылды, - деп жазылған ҚХР СІМ ресми сайтындағы мәлімдемеде.
Қытай билігі бұл қадамға АҚШ-тың Хьюстондағы Қытай консулдығын жабуына жауап ретінде барған көрінеді. Қытай СІМ бұл әрекетті "АҚШ тарабының негізсіз әрекетіне заңды әрі қажетті жауап" деп атады.
21 шілдеде АҚШ үкіметі 72 сағат ішінде Қытайдың Хьюстондағы консулдығын жабу туралы шешім шығарғаннан кейін Вашингтон мен Пекин арасындағы қатынас ушыға түскен.
Чэндудегі консулдық жабылғаннан кейін, қытайлық жауапты органдарының өкілдері консулдықтың территориясына бас қақпа арқылы кіріп, оны өз қарауына алғаны хабарланған.
Abai.kz