Сенбі, 23 Қараша 2024
3259 5 пікір 28 Шілде, 2020 сағат 12:26

Қазақстанға шет елдерден келетін инвестиция көлемі күрт азайды

Қазақстанға шет елдерден келетін инвестиция көлемі бір жыл ішінде 2,8%-ке азайған. Бұл туралы LS сайты жазды.

Әлемдік дағдарыстың салдарынан инвесторлар түрлі активтер мен салаларға салынатын инвестицияларды азайтуға мәжбүр.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанға 157,4 млрд доллар түскен. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,6 млрд долларға аз немесе 2,8%-ке төмен.

Әдеттегідей, қаражаттың басым бөлігі Нидерландыдан жіберілді - $ 59,8 млрд, бірақ бір жыл ішінде бұл елден келетін қаржыландыру көлемі 9,5%-ке төмендеді. Екінші орында АҚШ тұр - 37,1 млрд доллар (+ 11,4%). Ал үшінші орында 13,3 млрд доллармен Франция тұр.

Қадағалаушы органның мәліметтері бойынша, Қытайдан келетін инвестиция көлемі - 26,3% -ға, Люксембургтен келетін инвестиция көлемі - 18,7% -ға, Ұлыбританиядан келетін инвестиция көлемі  - 18,4% -ға және Гонконгтан келетін қаржыландыру көлемі - 15,4% -ға азайған.

Алайда, Бермуд аралдарынан Қазақстанға салынған инвестициялар бір жыл ішінде 55%-ке өсті.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357