Бейсенбі, 9 Қазан 2025
2986 3 пікір 30 Шілде, 2020 сағат 11:02

Петербургта "кәпірлерді" өлтірмек болды деген күдікпен жеті тәжік азаматы ұсталды

Санкт-Петербургта "кәпірлерді өлтіруді көздеген" деген күдікпен жеті тәжікстандық ұсталды.

Санкт-Петербургта "Ислам мемлекеті" радикал тобына қосылу үшін Сирияға баруды жоспарлап жатқан Тәжікстанның жеті азаматы ұсталғаны жөнінде арнайы қызметке сілтеме жасап, ресейлік бірқатар БАҚ жариялады.

Ақпаратқа қарағанда, Сирияға кетер алдында орталық азиялық мигранттар күш құрылымдарына қол салып және "кәпірлерді" өлтіруді көздегені айтылады.

Бірнеше күн бұрын Мәскеуде "терракт ұйымдастырмақ болды" деген күдікпен бір тәжікстандық өлтірілген. Оның 19 жастағы Одил Каюмов екені белгілі болды.

Тәжікстанның Мәскеудегі елшілігі Каюмовтың өлімі бойынша орыс билігінен түсіндіруді талап еткенін Азаттыққа мәлімдеген.

Ресейдегі орталық азиялық мигранттармен жұмыс істейтін құқық қорғаушылар Каюмовты өлтіруі күш құрылымдарының елдегі наразылық шараларын басқа жаққа бұру үшін "арнайы жүргізген операциясы" деп есептейді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 761
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9741