Жұма, 22 Қараша 2024
3556 0 пікір 30 Шілде, 2020 сағат 11:48

АҚШ барлау қызметі: Ресей COVID-19 туралы жалған ақпарат таратты

Ресейдің барлау қызметі ағылшын тіліндегі бірнеше сайтты пайдалана отырып, коронавирус індеті туралы жалған ақпарат таратты.

Бұл туралы Америка барлаушыларының мәліметіне сүйенген АҚШ ақпарат құралдары хабарлады.

Есепке сәйкес, Ресейдің әскери барлаушылары кемінде үш ресурс: InfoRos.ru, Infobrics.org және OneWorld.press сайттарында 150-ден астам мақала жариялап, коронавирус туралы конспирологиялық теорияларды насихаттаған. Атап айтқанда, коронавирус америкалық әскери зертханада биологиялық қару ретінде жасалды деген қытай тұжырымын дамытып, таратқан. Құжатта Денис Тюрин және Александр Старунскийдің аты-жөндері аталады, олар осы материалдардың шығуына тікелей атсалысқан. Америка барлаушыларының айтуынша, олардың Ресей барлаушыларына қатысы бар.

InfoRos.ru сайты Ресей үкіметіне тиесілі, қалған екі сайт ресми түрде тәуелсіз ақпарат порталдары деп аталады. New York Times дереккөзінің айтуынша, АҚШ федералдық тергеу бюросы тағы бір интернет-басылым - Strategic Culture Foundation сайты мен Ресейдің сыртқы барлау қызметі арасындағы байланысты зерттеп жатыр. Мамыр айында ол сайтта танымал Кремль сыншысы Барак Обама әкімшілігіне жұмыс істеген Эвелин Фаркасты қаралайтын мақала жарияланған. Фаркас маусым айында демократтардың ішкі сайлауында жеңіліп қалған.

InfoRos.ru сайты Ресей барлаушыларына қатысы жоғын айтып, айыптауды жоққа шығарады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320