Жұма, 22 Қараша 2024
2622 0 пікір 30 Шілде, 2020 сағат 12:00

Бүгін Қырғызстанда Ұлттық аза тұту күні

Бүгін - Қырғызстанда коронавирустан қайтыс болғандарды Ұлттық аза тұту күні. 

«Бүгін – елімізде коронавирустан қайтыс болғандарды Ұлттық аза тұту күні. Бұл күні барлық қырғызстандықтар коронавирус инфекциясынан көз жұмған адамдардың барлығын еске түсіріп, олардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтады. Әлемнің барлық елдерін жаулап алған дерт Қырғызстан еліне де көп қайғы әкелді, біз азаматтарымыздан айырылдық. Ауру салдарынан көптеген қырғызстандықтардың ата-анасы, балалары, туыстары мен жақындары дүниеден өтті. Індет елге орны толмас қаза әкелді», - деді Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков.

Осыған орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековке және ел халқына ұлттық аза тұту күніне байланысты көңіл айтты.

«Қазақстан халқы атынан және жеке өз атымнан ұлттық аза тұту күнінде коронавирустық пандемия құрбаны болған бауырлас Қырғызстан азаматтарын еске алу күнінде шын жүректен қолдау білдіргім келеді. Осы қиын-қыстау сәтте, орны толмас шығынның қасіретімен бөлісіп, қайтыс болған адамдардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Және бүгінде осы қауіпті аурумен күресіп жатқан жандардың бәріне тезірек сауығып кетуді тілеймін», - деді Тоқаев.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз басшылығы қабылдаған батыл шаралар, қырғыз халқының бірлігі мен жақын болашақта елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға көмектеседі деген сенімін білдірді.

Ол сондай-ақ, Қазақстан бұрынғыдай көрші республикаға барынша көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қырғызстанда 34 592 адам коронавирус жұқтырған. 22 296 сауығып, 1337 науқас қайтыс болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5314