Бейсенбі, 9 Қазан 2025
4246 3 пікір 30 Шілде, 2020 сағат 13:17

Ерлан Қарин Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Ерлан Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылып, Президенттің көмекшісі болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылсын», - делінген Жарлық мәтінінде.

Ерлан Қарин 1976 жылы Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келген. Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

Президенттің кеңесшісі қызметіне 2019 жылғы 5 сәуірде тағайындалған болатын.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 767
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9762