Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2812 0 пікір 6 Желтоқсан, 2011 сағат 10:10

Қайыржан ТӨРЕЖАН. Алаңдауға еш негіз жоқ

Сенбі күні кешкісін Алматы қаласы түбіндегі Боралдай ауылында төрт сағатқа жуық болған атыс кезінде жеті адам қаза тапты. Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсеткен бес адамнан тұратын террорлық топтың көзі жойылды. Арнайы операция барысында Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты «Арыстан» жасағының екі жауынгері мерт болды.

Желтоқсанның 3-і күні жедел-іздестіру операциясы барысында 1977 жылы туған Ағжан Хасен деген басшылық жасайтын қылмыстық топтың Боралдай ауылында жүргені анықталды. Оның басшысына бұдан бұрын лаңкестік әрекеттер жасап, террористік топты құрғаны үшін Қылмыстық кодекстің 233-2-бабымен қылмыстық іс қозғалып, 28-қазаннан бері іздеу салынған. Қылмыскерлер Боралдай ауылындағы Шпак көшесі №43-үйді жалдап тұрып жатқандары белгілі болды. Операция басталмас бұрын Алматы мен Алматы облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік департаментінің және ішкі істер органдарының арнайы жасақтары үйді қоршауға алып, маңайдағы тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарған.

«Боралдайдағы үйлердің біріне бекініп алған қылмыскерлер полицияға қарулы қарсылық көрсетті. Өз еркімен берілуден бас тартқан соң Алматы мен Алматы облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік департаментінің және ішкі істер органдарының арнайы жасақтары олардың көзін жойды. Арнайы операция барысында «Арыстан» жасағының екі қызметкері мерт болды. Үш-төрт сағатқа жалғасқан арнайы операция түнгі сағат 23:50-де аяқталды. Қылмыскерлер жасырынған үйден екі РГД-5 гранатасы, екі «Калашников» автоматы мен «Макаров» тапаншасы табылды. Қазір осы қылмыстық топ мүшелерінің діни ағымдарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр» деп мәлімдеді Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков.

Оқиға болған жерде әртүрлі сараптамалар жүргізіліп, лаңкестердің кім екендері және олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар екендігі анықталған. «Мицубиси Делика» автокөлігіне мінген қылмыстық топтың мүшелері 8 қараша күні Алматы қаласындағы Райымбек пен Момышұлы көшелерінің қиылысында, кешкі сағат сегіздерде «Боран» патрульдік экипажының мүшелері Мақсат Дабылов және Ғалымжан Әбдіров деген полиция қызметкерін өлтіріп кеткен. Жойылған лаңкестердің үйінен табылған қару-жарақтарын тексеру барысында аталған полицейлер осылардың тапаншаларымен атып өлтірілгендігі анықталды. Осы қаруларды қолдану арқылы бұдан бірнеше ай бұрын Талғар ауданында да аса ауыр қылмыс жасалған. Бұлар жақын күндері тағы да күш көрсету акциясын жасауды жоспарлап отырған көрінеді. Алматы қалалық ішкі істер департаментінің басқарма бастығы, полиция майоры Салтанат Әзірбектің айтуынша, жойылған қылмыстық топтың Алматы қаласында және облыс аумағында жасалған бірнеше ауыр қылмыстарға қатысы бар.

Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіковтің мәлімдеуінше, халыққа қауіп төніп тұрған жоқ. Құқық қорғау органдары жағдайды бақылауда ұстап отыр, сондықтан алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Тергеу-тексеру жүріп жатыр және осы топтың өзге мүшелері анықталуда.

Н.Сүйіндіков «терроршылар бірнеше адамды кепілдікке алды» деген хабарды жоққа шығарды.

Қазір аталған факті бойынша қасақана кісі өлтіру (96-бап), заңсыз қару ұстау, сақтау (251-бап), бандитизм (237-бап) бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір Алматы мен Алматы облысының құқық қорғау органдары күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр.

«Айқын» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371