Жұма, 22 Қараша 2024
2290 0 пікір 1 Шілде, 2020 сағат 12:31

Биыл қандай заң жобалары қабылданды?

Жақында Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтіп, алтыншы сайланған ҚР Парламентінің бесінші сессиясы аяқталды. Депутаттар демалысқа кетті. 

Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші сессиясы өте маңызды және қажетті заңдар қабылдады деуге негіз бар. Қабылданған заңдар жұмыстың көлемі бойынша да, аталған заңдардың арқалаған маңызды міндеттері бойынша да аса ауқымыд болды. Қиын-қыстау құбылыстарға толы биылғы жылы парламент қабырғасында қабылданған әр заңның өз маңызы бар. Ел дамуына аса қажетті де, өзекті бірқатар заң жобалары кезекті сессяида қабылданды.

Нұрлан Нығматулин, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің төрағасы: 

«Қай қоғамда болса да, қай уақытта болса да заңның орны әрқашан да ерекше. Себебі, заң бар жерде әділдік, бостандық және тыныштық бар. Осы жолда Парламент еліміз үшін, халқымыз үшін көптеген қажетті заңдарды қабылдады», - деген еді өткен жылы төтінші сессияның жабылуында.

Ендеше сөзді көп созбай, алтыншы сайланған ҚР Парламентінің бесінші сессиясында қандай заңдар тақыланып, қайндай заңдар қабылданғаны жайлы тоқаталайық.

Биылғы сессия барысында қос палатаның бірлескен үш отырысы өтті. Ал жеке тоқталатын болсақ Парламент Мәжілісінің 41 жалпы отырысы өтіп, онда 296 мәселе ресми қаралды. Ал Парламент Сенатының 25 жалпы отырысы өтті. Онда 165 нақты мәселе қаралды.

Кеше ғана аяқталған бесінші сессияның кезінде парламенттің қос палатасында 161 заң жобасы қаралып, талқыланды. Ал оның ішінде 98 заң жобасы нақты қабылданды. Қазіргі таңда Парламент қабылдаған 98 заң жобасының 86-сына Президент қолйды. Аталған заң жобарлары ресми заңдық күшіне енді.

Депутаттық корпустың қабылдаған заңдары Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бірінші кезекте халықтың игілігін ойлау бағытындағы тапсырмаларын негізге алды. Осы бағытта ел үкіметімен, орталық және жергілікті атқарушы органдармен селбесе отырып мемлекеттік деңгейде тиімді жұмыстар істеуге күш салды. Бұл ретте азаматтық қоғам өкілдерінің ұсыныстары да маңызды орын алды. Ал президенттің Қазақстан халықана арнаған жолдауындағы тапсырмалар заң жобаларын талықылауда өзек болатынын айта кеткен жөн.

Кезекті сессияда Парламент қабылдаған аса маңызды заң жобалары жайлы айтар болсақ, «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңды атауға болады. Бұл мемлекет саясатының әлеуметтік бағыттылығы нақты ұстанымынан толықтай дерек береді. Мұнда ерекше айта кетерлігі республикалық бюджеттің барлық шығыс көлемінің 46 пайызы елдегі әлеуметтік саланы дамытуға бөлініп отыр.

Енді Сенатта арнайы талқыланған заң жобалары жайлы айта кетейік. Кезекті сессияда Сенат 98 заң жобасын талқылап, қабылдады екен. Оның арасында екі кодекс, үш конституциялық заңға өзге­рулер енгізу бар. Сонымен қатар, сегіз дербес заң, қолданыстағы қырық бес заңға өзгерістер және толықтырулар енгізу мәселесі қаралды. Бұлардан бөлек қырық халықаралық келісімшарттарды қайта қарау мәселелері қолға алынды.

Парламентте қабылданған кез-келген заң жобасы бірінше кезекте халықтың игілігін көздейтінін айттық. Елдің экономикалық дамуы, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамдық татулық пен жарасым осының бәрін басшылыққа ала отырып, депутаттар корпусы жұмыс істейді. Жоғарыда айтқанымыздай, аталған заң жобаларының бәрі де ел өміріндегі, мемлекеттік деңгейдегі аса маңызды мәселелерді қамтиды.

Ерекше айта кетерлігі, елдің әлеуметтік саласына өзгеше көңіл бөлініп отыр. Мұның ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсету, мемлекеттік қолдауды жандандыру, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын барынша жақсарту мәселелері еніп отыр. Осының бәрі басты назарда тұрған маңызды шаралар.

Тағы бір әлеуметтік маңызы бар мәселе, азаматтарға атаулы әлеуметтік көммек көрсетудің тиімді тетіктерін бұрынғыдан да жетілдіре түсу болып отыр. Мұнда көп балалы отбасылардың баспана алуына, табысы төмен азаматтарға салық жеңілдіктерін қарастыру, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын көбейту, студенттердің шәкіртақысын жоғарылату, сондай-ақ, жастарды жалға берілетін тұрғын үйлермен қамтамасыз ету секілді маңызды мәселелер бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318