Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 3084 14 пікір 5 Тамыз, 2020 сағат 12:23

Ресейден әскери дәрігерлер келеді екен

Ресейлік әскери дәрігерлер Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы әріптестеріне коронавируспен күресте көмектеседі. Бұл туралы Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінің хабарлады.

Аталған министрліктің мәліметінше, ресейлік мамандар Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы екі әскери госпитальға көмек көрсетеді.

- 4 тамызда ресейлік әскери дәрігерлер жаңа әскери коронавирустық инфекциямен күресте қазақстандық әскери дәрігерлерге практикалық және әдістемелік көмек көрсету үшін Чкаловский аэродромынан (Мәскеу облысы) Қазақстан Республикасына жіберілді.

Медициналық бөлімдерге әскери анестезиолог-реаниматологтар, жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар және терапевттер кіреді, олар COVID-19 бар науқастарды диагностикалау мен емдеуде кеңестер береді және практикалық көмек көрсетеді, - делінген министрліктің хабарламасында.

Сондай-ақ, медициналық жабдықтар мен қорғаныс құралдары Қазақстанға Ресейдің әскери-көліктік ұшағымен жеткізілетіні хабарланған.

Күні кеше ҚР Денсаулық сақтау министрі Алесей Цой елдегі коронавирус жағдайы тұрақталып келе жатқанын айтқан еді. Министр елде коронавирус инфекциясының тіркелу жағдайы 18 пайызға төмендегенін мәлімдеген. Сонымен қатар ол вирустың репродуктивтік көрсеткіші 24 пайызға төмендегенін, жазылып шыққандар саны 69,4 пайызға жеткенін айтып «мақтанған».

Цойдың сөзіне қарамастан, коронавируспен күресте бізге әлі де шетелден көмек керек секілді. Ресейлік дәрігерлер бұған дейін де біздің елге келіп «көмек көрсеткен» болатын. Бұрын келген ресейлік мамандардың қандай пайдасы тигені қазірше белгісіз. Бірақ осы жолы басқа емес, әскери дәрігерлер келе жатыр екен.

Айта кетейік, шілде айының басында Қазақстанға Ресей Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев бастаған 32 жетекші маман келген. Бұл мамандар коронавирус инфекциясына қарсы күресу бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді делінген. Біздің елде бір айға жуық болған ресейлік дәрігерлер 3 тамыз күні «миссиясын сәтті аяқтап», елдеріне қайтқан.

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364