Сенбі, 23 Қараша 2024
Арылу 4243 15 пікір 10 Тамыз, 2020 сағат 11:15

Коммунистер қашанғы кері тартады?

Биліктен кетсе де, Парламенттен кетпей отырған Қазақстан Халықтық Коммунистік партиясы бүйректен сирақ шығаруын доғарар емес. Оларға ұнамайтыны елімізде орын ала бастаған отарсыздану мен декоммунистену процесі екендігі белгілі боп қалды.

Шілденің аяғында қазақ коммунистері ҚР білім және Ғылым министрлігіне ІІ Жаһан соғысындағы Ұлы Жеңістің 75 жылдғына орай 1941-1945 жылдардағы орыс-алман соғысындағы КОКП (КПСС) тарихына қатысты ашық хат жолдады. Және Ашық Хаттың мемлекеттік тілде емес: «Министерству образования и науки Республики Казахстан ОТКРЫТОЕ ПИСЬМО», деп өзге елдің мемлекеттік тілінде жазылуының өзі-ақ, «Жердегі жұмақ – коммунизм» деп «сайтан» іліміне табынғандардың  қазақ елі мен оның тарихына деген ниеттерінің қандай екенін танытады.

Осы ашық хатта «Білім берудің ұлттық үлгісін өмірге әкелу жағдайындағы Қазақстан мектептеріндегі тарихи білім беру проблемасы қоғамның жіті назарында. Қазақстандағы билік құрылымдары әлі күнге дейін кеңестік өткен дәуірге қатысты солқылдақтық танытып, оның мұрасын мектеп оқулықтарында үздіксіз бұрмалап өзгертуге жол беріп отыр», деп мұң шағады. «Ресми деңгейде оқу бағдарламалары мен оқулықтардың дәл өзінде (ең алдымен әлем тарихы бойынша) КСРО-ның, ВКП(б) және Қызыл Армияның Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы тарихи рөлін қысқартып беруді құп көріп келеді», деп ақылгөйсиді.

Олар 10-13 жастағы балалар еңбегін қанаған, халықты алдап қолдарына ақша бермей, «жеңістен кейін төлейміз», деп облигация ұстатқан Сталиндік соғыс экономикасын жадыларынан тарс шығарып алады. Тіпті, қазір көзі тірі 1932-1937 жылы туған «соғыс балалары»-ның еңбегін қазақ билігі мойындасын деген саяси талапты еш алға тартпай, тек сүйегі қураған кеңестік жүйе мен оның лауазымды тұлғаларын, ұйымдары және халыққа қарсы соғыс жылдарындағы іс-әрекетін ғана дәріптеуіміз керек, деп жоқ жерден білгіштік танытады. Әрі «Тарихты тек жеңімпаздар ғана жазады». деген көне қағиданы жадыларынан шығарып алады.

Осы орайда тәуелсіздік жылдары 9 және 11 сыныпқа орыс және қазақ тілдерінде оқулықтар жазған қазақ тарихшыларын Батыстың ығына жығылған фальсификаторлар деген еш тарихи негізсіз ауыр айыптар тағады. Олардың асқан зерделілігімен өмірге келген «История Казахстана» для 11 классов (3-е издание, Алматы: Мектеп, 2015 г.), Аяган Б.Г., Шаймерденова М.Д. «Новейшая история Казахстана»: Учеб. 9 кл. 2-е изд. Алматы, 2009, (История Казахстана: Учеб. для 9(8) класса. /Кабульденов З.Е., Шаймерденова М.Д., Куркеев Е.М. Алматы, 2019) сынды оқулықтарды жерден алып, жерге салады.

Аталған авторлардың 1937-1939 және 1941-1945 жылы орын алған тарихи шындықты жазған «Начало политических репрессий», «Система ГУЛАГА в Казахстане» және «Депортация народов в Казахстан» атты оқулық тараулары мен параграфтары коммунистерге мүлдем ұнамайды екен. Оның есесіне бір кездері саяси тарсырыспен жазылған Мұстафа Шоқайды ұлтынан аластатуды көздеген Серік  Шәкібаевтың «Үлкен Түркістанның күйреуі» кітабын өскелең ұрпаққа оқытудың маңызы зор болады-мыс.  «Бұлай етпесек, жастарды тап осындай идеологиялық өңдеуден өткізудің нәтижесі: мемлекеттік саясатқа айналаған Балтия мен  Украинадағы декоммунизация мен десоветизация арқылы бізде де көзге көрінеді. Қазақстандағы белгілі бір саяси күштер антикоммунистік тарихтың отын жағып, өздерінің мысық пиғылды саяси ойындарына осының бәрін тамызық етуде.

Бұндай ойға бізді оқулық авторларының коммунистік партияның іс-әрекетін тоталитаризмді орнықтырумен, саяси қуғын-сүргінді және халықтарды жер аударуды жүзеге асыруымен байланыстыратын постулаттары қалдырады. Әрі олар Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы коммунистер мен комсомолдардың ерліктерінің маңызды рөлі жайында жақ ашпайды. Тап осындай антикоммунистік бетперде тарих оқулықтарынан орын алмауға тиіс, бұл дегеніңіз барып тұрған тарихи шындыққа сай келмеушілік», - деп жазыпты Ашық хаттарында.

Әлі күнге өздерінің санаға сіңірген жолсыздықтарының кесірінен ақталмай отырған Түркістан легионының сарбаздары коммунистер үшін әлі сатқындар болып саналады. «Олардың ұрпақтары сонда сатқындардың үрім-бұтағы болып өмір сүруі керек пе?» деген заңды сұрақ туады.

Ашық хаттан кейін іле шала PKZSK.INFO сайтында ҚХКП ОК хатшысы тарих ғылымдарының докторы  Дмитрий Легкийдің «Кому и зачем понадобилась декоммунизация исторического сознания?» атты мақаласы жарық көрді.

Онда мақала авторы: «Партиялық мәлімдемеде: Қазақстандағы билік құрылымдары әлі күнге дейін кеңестік өткен дәуірге қатысты солқылдақтық танытып, оның мұрасын мектеп оқулықтарында үздіксіз бұрмалап өзгертуге жол беріп отырғандығының кейінге шегеруге болмайтын фактісі назар аудартады. Біздің коммунистер ресми деңгейде оқу бағдарламалары мен оқулықтардың дәп өзінде КСРО-ның, ВКП(б) және Қызыл Армияның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихи рөлін қысқартып берушілік жөнсіздік санайды».

Одан әрі «Новые подходы к истории отразились в учебниках, где представлен «сложный и драматический путь» Туркестанского легиона, в оценке деятельности которого за последнее десятилетие сместился акцент. Долгое время Туркестанский легион показывали как воинское подразделение, находившееся на стороне гитлеровской Германии, в настоящее время в идентичном тексте легионеры уже представлены «жертвами войны». Авторы намеренно допускают фальсификацию, мол, «использовать легион в боях фашисты не смогли», «в итоге легион был расформирован»» сынды тұжырым жасалынады.

Осы Ашық Хатымен және оған берілген Дмитрий Легкийдің түсініктемесі арқылы қазақ коммунистері өздерінің кім екендіктерін әшекерелеп берді.

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443