Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3584 0 пікір 8 Желтоқсан, 2011 сағат 11:14

Отан отбасынан басталады

Шырайлы өлке шығыс Тәуелсіздіктің жиырма жылдығы қарсаңында түрлі әлеуметтік, халықтық шаралар өткізіп, мерейлі мерекені есте қаларлықтай етуге жұмыс жасап келеді. Соның бірі - «Отан отбасынан басталады» деп аталатын жанұялық ансамбльдер фестивалі. Ертең фестивальдің арнайы ашылып, төмендегідей аталымдар бойынша өтпек.

«Абай-ақпарат»


2011 жылдың 9 желтоқсанында сағат 17.00-де Өскемен қаласындағы Металлургтер мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын тойлау аясында «Отан отбасынан басталады» отбасылық ансамбльдер фестивалі өткізіледі.

Фестивальдің мақсаты мен міндеті:

Шырайлы өлке шығыс Тәуелсіздіктің жиырма жылдығы қарсаңында түрлі әлеуметтік, халықтық шаралар өткізіп, мерейлі мерекені есте қаларлықтай етуге жұмыс жасап келеді. Соның бірі - «Отан отбасынан басталады» деп аталатын жанұялық ансамбльдер фестивалі. Ертең фестивальдің арнайы ашылып, төмендегідей аталымдар бойынша өтпек.

«Абай-ақпарат»


2011 жылдың 9 желтоқсанында сағат 17.00-де Өскемен қаласындағы Металлургтер мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын тойлау аясында «Отан отбасынан басталады» отбасылық ансамбльдер фестивалі өткізіледі.

Фестивальдің мақсаты мен міндеті:

  • Отбасын белсенді қоғамдық және мәдени қызметке тарту;
  • Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді, салауатты өмір сүру салтын сақтау;
  • Отбасылық көркем шығармашылықты дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, отбасылық шығармашылық байланыстарды арттыру;
  • Отбасылық-шығармашылық қарым-қатынастардың сабақтастығын сақтау және дамыту;
  • Өскелең ұрпаққа эстетикалық және адамгершілік тәрбие беруде отбасы шығармашылығының рөлін арттыру;
  • Отбасылық ұжымдарға қолдау көрсету;
  • Отбасылық шығармашылық саласындағы жетістіктерді көпшілікке дәріптеу, отбасына бос уақытты ұйымдастырудың жаңа түрлерін дамыту және тарату.

 

Күтілетін нәтиже:

  • өңірлің және жергілікті деңгейлерде отбасы саясатын әзірлеудің және іске асырудың тиімділігін арттыру;
  • мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың отбасымен жүргізген өзекті жұмыстарының мәртебесі мен тиімділігін арттыру;
  • отбасына бағытталған қызметтің және нақты іс жүзіндегі әртүрлі салаларындағы жетістіктерді насихаттау;
  • жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ ғылыми және оқу орталықтармен отбасына бағытталған құрылымдық байланысты кеңейту;

Фестивальге қатысушылар:

Фестивальге облыстың әр аудандары мен қалаларынан көркемөнерпаздық шығармашылықпен, кәсіби өнермен айналысатын отбасылар мен отбасылық құрылымдар қатысады. Олар:

1. Құрманғалиевтар жанұялық ансамблі, Өскемен қаласы - 5 адам

2. Семейный ансамбль Никитиных, Шемонайха ауданы - 4 адам

3. Баталовтар жанұялық ансамблі, Бесқарағай ауданы -  3 адам

4. Сәбитовтер  жанұялық ансамблі, Тарбағатай ауданы - 19 адам

5. Ильяшевтар жанұялық ансамблі, Бородулиха ауданы - 4 адам

6. Семейный ансамбль Филимоновых, Зырян ауданы - 5 адам

7. Ноғайбаевтар  жанұялық ансамблі, Семей қаласы - 12 адам

8. Ахметовтар отбасы, Күршім ауданы - 4 адам

9. Смағұловтар жанұялық ансамблі, Ұлан ауданы - 4 адам

10. Сахамановтар жанұялық ансамблі, Глубокое ауданы - 4 адам

11. Омаровтар жанұялық ансамблі ,Семей қаласы - 5 адам

12. Серікқалиевтар отбасы, Катонқарағай ауданы - 7 адам

13. Маман және Арайлым Қайрат отбасы, Курчатов қаласы - 2 адам

14. Ахтемировтар отбасы, Аякөз ауданы - 2 адам

 

Қатысушылар келесі номинациялар бойынша марапатталады:

Ø  «Әртiстiк қасиетi үшiн»;

Ø  «Көрермен көзайымы»;

Ø  «Күмiс көмей, жез таңдай»;

Ø  «Ата мұра» өнерлі елдің еркесі;

Ø  «Отан отбасынан басталады»;

Ø  «Жанұя ынтымақтастығы»;

Ø  «Жанұя жанның шуағы»;

Фестивальді ұйымдастырушылар:

1. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі;

2. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы;

Фестивальге қатысты қосымша ақпаратты 8(7232)-26-30-63, 53-74-42, 53-74-43 телефон нөмірлері арқылы біле аласыздар

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475