Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2351 0 пікір 8 Желтоқсан, 2011 сағат 11:54

Қазнетті заңға қайшы контенттен қорғау үшін «жедел байланыс» сайты ашылды

Алматы. 8 желтоқсан. ҚазТАГ - Ирина Гумыркина. «Қазақстанның интернет қауымдастығы» (ҚИҚ) safekaznet.kzинтернет-ресурсты таныстырды. Ол арқылы пайдаланушылар Қазнеттің ҚР заңнамасын бұзатын бейне-, аудио- және т.б. адам беделіне нұқсан келтіретін материалдарын орналастыратын веб-ресурстарына сілтемелер көрсеткен хабарлар қалдыра алады.

«Жедел желі ең алдымен заңға қайшы контенттердің, оның ішінде зорлық-зомбылықты, қатыгездікті, нашақорлықты, балалардың порнографиясын, экстремизм мен лаңкестікті насихаттайтын контенттердің теріс ықпалын мейлінше азайту үшін интернет пайдаланушыларға көмек ретінде құрылған», - деп «Қазақстанның интернет қауымдастығы»президентінің міндетін атқарушы Владимир Туреханов бейсенбі күні Қазақстанның интернет-кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселесіне арналған «дөңгелек үстел» отырысында мәлім етті.

Аталған сайт арқылы интернетті пайдаланушылар ҚИҚ-қа адам беделіне нұқсан келтіретін рорликтер, түсініктемелер, материалдар жариялаған қазақстандық сегменттегі интернет-ресурстарды көрсетіп хабар жібере алады.

Веб-сайттағы «жедел желінің» мамандары хабарды тексеріп отырады да, егер ақпарат расталса, интернет-ресурс иесімен немесе оның хостинг-провайдерімен байланысып, тиісті шешім қабылдауын сұрайды.

«Ол сайт қалыпты жағдайда ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап жұмыс ітсейді. Қазірдің өзінде 4 хабар келіп түсті. Екі хабар киберкемсіту түрінде болып, олар бір күннің ішінде түзетілді. 1 хабар авторлық құқық туралы болды. «Жедел желі» әзірге авторлық құқық мәселесін қарастырмайды, сондықтан ол хабарды біз әзірге қарастырған жоқпыз. 1 хабар шетелдік интернет-ресурсқа деген шағым түрінде болды. Қазір осындай шетелдік қызметпен өзара ынтымақтасу мәселесі қарасытырылып жатыр», - деді В. Төреханов.

«Біз алдағы уақытта интернет пайдаланушылар сілтемені шұғыл пайдалана алуы үшін  біздің парақшаға сілтемені «құқыққа қарсы контент туралы хабарлаңыз» түрінде басқа интернет-ресурстарда орналастыруды сұрамақшымыз», - деп ҚИҚ вице-президенті Шавкат Сабиров мәлім етті.

ҚИҚ әзірге бұл пилоттық жоба, және алда әлі бірнеше міндеттерді шешу мәселесі тұр деп атап өтті. Мысалы, егер пайдаланушылар шетелдік сайтты көрсетсе ше, және авторлық құқықты қорғау мәселесінде не істеу керек, сондай-ақ сайт иелерін өздерінде жарияланған заңсыз контент үшін қалайшы моральдық жауапкершікке тартуға болады?. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары іс жүзінде басқа мемлекеттерде орналасқан заң бұзушылармен қалайша күресе алатындығы әзірге белгісіз. Одан басқа, «жедел желі» тек интернетте ғана жұмыс істейді, ал барлық өтінімдер тек жұмыс уақыты кезінде ғана қаралады.

Қауымдастықтан хабарлағандай, ресурс коммерциялық жоба емес, және тек ҚИҚ қаражатының есебінен ғана жұмыс істейді, сондықтан ең алдымен қаржыландыру мәселесін шешу керек.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478