Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2144 0 пікір 8 Желтоқсан, 2011 сағат 11:55

Astana Arlans командасының боксшылары Dinamo Moskow-мен өтетін матчта жеңіске жетуге дайын

Астана. 8 желтоқсан. ҚазТАГ- Бауыржан Мұқанов. Astana Arlans командасының боксшылары Dinamo Moskow-мен елордада өтетін матчта жеңіске жетуге дайын, деп хабарлады қазақстандық команданың аға жаттықтырушысы Бейбіт Есжанов.

«Алда мәскеулік командамен кездесу бар. Міндет бұрынғыдай. Ең алдымен, плей-офф-қа кіріп, ары қарай қалған матчтарда жеңіске жету. Ертеңгі матчты есептемесек, алдымызда әлі 7 кездесу күтіп тұр. Қалған кездесулердің бәрінде жеңіске жетуге міндеттіміз», - деді Б. Есжановбейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

«Біздерді әдейілеп мақсаттандырудың қажеті жоқ. Өткен екі кездесуде жеңіліс таптық, сондықтан онсыз да көңіл күйлері сәйкес. Физикалық жағынан келсек, біздің спортшыларымыз дайын», - деді жаттықтырушы.

«Ауыр салмақ проблемасы үнемі сезілетін. Қазір біз ауыр салмақта өнер көрсететін 1-2 жақсы боксшыны іздестіріп жатырмыз», - деді Б. Есжанов.

Еске сала кетейік, 9 желтоқсанда Астанада Astana Arlans (Астана) және Dinamo Moskow (Мәскеу) командаларының арасында кәсіпқой бокстан алғашқы матч өтеді.

Қазақстандық команданың намысын қорғайтындар: өзбек легионері Рафикжон Султонов   (54 кг), Мерей Ақшалов (61 кг), Қанат Ислам (73 кг), Данияр Үстембаев (85 кг) және Руслан Мырсатаев (+91).

Ресейлік құраманың өкілдері - тәжік легионері Анвар Юнусов (54 кг), Эдуард Хұсаинов (61 кг), Александр Иванов (73 кг), украиналық легионер Александр Гвоздик (85 кг), Сергей Калчугин (+91).

Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) 2011-12 маусымында командалар «А» және «В» топтарына бөлінді. Командалар әр қарсыласымен үйінде және қонақта кездесіп, жүйелі маусымда 10 кездесуден өткізеді.

Плей-оффқа әр топтан 2 командадан шығады.

Astana Arlans боксшылары Los Angeles Matadors (АҚШ) қарсы алғашқы кездесуінде 2-3 есебімен жеңіліп қалды, Bangkok Elephants (Тайланд) командасына қарсы матч өтпей қалды, олар 5-0 есебімен жеңілді деп есептелді. D&G Milano Thunder (Италия) қарсы соңғы кездесуде қазақстандық боксшылар 0:5 есебімен жеңілді.

Astana Arlans-тың қонақтағы келесі матчы 16 желтоқсанда Venky's Mumbai Fighters (Үндістан) командасына қарсы өтеді. Astana Arlansкомандасының құрамында  17 боксшы бар, оның 4-еуі - легионер.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5471