Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2230 0 пікір 8 Желтоқсан, 2011 сағат 11:58

Астанада тұрғын үйлерді жаңарту үшін модельдік коммуналдық кәсіпорын құрылды

Астана. 8 желтоқсан. ҚазТАГ - «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ-ның қатысуымен «Астана-Қызмет» сервистік компаниясы» ЖШС коммуналдық кәсіпорны құрылды, деп хабарлайды «ҚазТКШ орталығы» АҚ баспасөз қызметі.

«2011 жылдың 8 желтоқсанында «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ-ында «Астана-Қызмет» сервистік компаниясы» ЖШС модельдік коммуналдық кәсіпорнының құрылтайшы келісімдері мен жарғысына қол қойылды», - делінген баспасөз қызметінің бейсенбі күні таратқан ақпаратында.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрылған сервистік компанияның көмегімен жаңа технологиялар мен материалдарды пайдалану арқылы, толық термомодернизациялаумен көп пәтерлі тұрғын үйді жөндеудің пилоттық жобасын жүзеге асыру жоспарланған.

««ҚазТКШ орталығы» АҚ модельдік сервистік компанияны құру арқылы алдағы уақытта ел аумағында қолдану үшін 2020 жылға дейінгі ТКШ жаңғырту бағдарламасының шеңберінде қойылған міндеттерді іс жүзінде орындауға болатынын көрсетпек», - делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, көп пәтерлі тұрғын үйдің басқарушы органдарының, сервистік компаниялардың және мердігерлік ұйымдардың арасында кондоминимум объектілері - көп пәтерлі тұрғын үйлерді ұстау, пайдалану және жөндеуге қатысты қарым-қатынастарында жүйелік әдістерді жасап, енгізу қарастырылып отыр.

«ҚазТКШ орталығы» АҚ-ының «Астана-Қызмет» сервистік компаниясының жарғылық капиталына қатысу үлесі 49% құрайды. Тендерде жеңіске жеткен басқа үш компания «Сапалы қызмет Астана» ЖШС, «Sapa Management» ЖШС және «Берекелі шаңырақ» ЖШС-терінің үлестері - 17%-дан.

«ҚазТКШ орталығы» АҚ-ының баспасөз қызметінің нақтылауынша, сервистік компания кондоминимум объектісінің ортақ мүлігіне қызмет көрсету және оны пайдалану бойынша қызметтер көрсететін болады.

Өз кезегінде «ҚазТКШ орталығы» АҚ әдістемелік көмек көрсетіп, тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды және жергілікті атқарушы органдармен іс-қимылды қамтамасыз ететін болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475