Сенбі, 23 Қараша 2024
2740 0 пікір 12 Тамыз, 2020 сағат 10:38

Беларусь: қарсылық үшінші күн жалғасып жатыр

Минскіде үшінші күн қатарынан наразылық шаралары өтіп жатыр. Сейсенбі күні күш құрылымдары қарсылық білдіргендерге жарық-дыбыстық қол гранатасы мен көзден жас ағызатын газ, резіңке оқ қолданды. Құқық қорғаушылардың хабарлауынша, журналистер соққыға жығылып жатыр.

11 тамызда Минскіде милиция BBC журналистеріне шабуыл жасады. Ұсталғандардың бәріне елдің сыртқы істер министрлігі тарапынан берілген аккредитация болған.

Қара киімдегі ер адамар журналистерден аккредитацияны талап еткен. Олардың бірі тілшінің мойнындағы журналист екенін куәландыратын куәлігін үзіп, қолындағы камераны жұлып алған. Журналистер камераны қайтаруды талап еткенде, милиция қызметкерлері оларды ұра бастаған. Бірақ журналистерді ұстамаған.

11 тамызда наразылық білдірушілер саны 10 тамызға қарағанда аз болды. Қарсылық білдірген жастар топ-топпен бөлініп, милиция қудалауынан қашып жүрді. Түнге қарай қарсылық шарасы Уручье мен Студенттік қалашық аудандарында жалғасты.

Минскіде "Настоящее время" хабарының эфирінде акцияға қатысушылардың бірі қалада интернет жоқ екенін, басқа аймақта не болып жатқанынан хабарсыз екенін жеткізді.

Мәскеуде тұратын Беларусь азаматтары елшілік алдында "Озбырлық көрсетушілер сотта жауап беруі тиіс!" деген ұранмен акция өткізді.

Abai.kz
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485