Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3421 0 пікір 6 Желтоқсан, 2011 сағат 07:07

Өр Алтайдың жұрты «Өз елім» деп шырқап жүр

Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасын ізденімпаз да іскер жан  Жақсылық Омардың басқарғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Алайда, «жас келсе, іске» дегендей, Жақсылық келгелі өнер саласында өркенді өзгерістер бола бастады.

Қазір барлық аудандарда ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ән-жыр байқаулары өтіп жатыр. «Өз елім» деп аталған фестивальдің ерекшелігі сол, онда өзге ұлт өкілдері тек мемлекеттік тілде өнерлерін ортаға салды.

Павлодарлық Е.Кривобоков, Алматы облысынан келген К.Ишагов, Шымкенттен келген К.Архипова, қарағандылық Қ.Талашев, тағы басқалар домбырамен күй төгіп, тамылжыта ән салды. Ұлттық биді нақышына келтіріп мың бұралған қыздардың өнері де сүйсініс туғызды.

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев мұндай фестивальдің алдағы уақытта да жалғаса беретінін  айтып, фестивальге қатысушыларды марапаттады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371