Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2650 0 пікір 9 Желтоқсан, 2011 сағат 06:45

Солтүстік-қазақстандық астрономдар ай тұтылуын бақыламақшы

Петропавл. 9 желтоқсан. ҚазТАГ - Солтүстік-қазақстандық астрономдар 10 желтоқсан күні кешкісін болатын ай тұтылуын бақылауға дайындалып жатыр, деп Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеттің астрономия кафедрасының доценті Андрей Солодовник мәлім етті.

«Өтіп бара жатқан жыл маусым айының 15-нен 16-сына қараған түні толық ай тұтылуын сыйлап кетті. Өкінішке қарай ол күні ауа райы оны бақылауға онша қолайлы болмады, оның үстіне ай да сол сәтке көкжиектен онша көтерілмей, ол ай тұтылуын бақылауға ерекше ашық орынды талап етті», - деді А.Солодовник.

Ал желтоқсанда ай маусымдағыдан жоғары орналасып, барлық жерден бақылауға мүмкіндік береді, дейді астроном.

«Көзге тамаша көрінетін ай тұтылуының фазалары (Айдың Жер көлеңкесіне енуі) 18:45-те ай дөңгелегінің сол жағынан басталады. Бұл кезде ай шығыс-солтүстік-шығыстағы 22 градус биіктікте орналасады. Толық ай тұтылуы 20:06-да басталады. Бұл сәтке ай шығысқа ығысып, 25 градусқа көтеріледі», - деді А. Солодовник.

Оның айтуынша, айдық толық тұтылуы 20:32-де шыңына жетіп, жалпы ай тұтылу 20:58-ге дейін жалғасады. Бұл сәтке ай шығыстан сәл оңға ауытқып, 32 градус биіктікте орналасады.

«Осыдай кейін ай біртіндеп жер көлеңкесінен шыға бастайды да жартылай фазалары 22:18-ге дейін жалғасады. Ол кезде ай оңтүстік шығыста болып, 42 градус биіктікте орналасады», - деді астроном.

«Ай тұтылғандағы бақылаушылардың міндеті - ерекше ауытқыма құбылыстарды іздестіру: түсінің немесе детальдардың келбетінің өзгеруін; қозғалып бара жатқан қара дақтар мен жарқылдарды бақылау. Іздеу жақында басталды, табыстар да жоқ емес. Бірнеше «таң қаларлық» оқиғалар тіркеліп, зерттеліп жатыр», - дед А. Солодовник.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5496