Сенбі, 23 Қараша 2024
2340 3 пікір 14 Тамыз, 2020 сағат 10:55

Беларусь Жоғарғы соты Минскіде қамалған 566 адамның аты-жөнін жариялады

Беларусь Жоғарғы соты 11 тамызда Минскідегі наразылық акциялары кезінде ұсталған 566 адамның аты-жөнін жариялады. Тізімді сот сайтынан табуға болады.

Ұсталғандар 4 тәуліктен 25 тәулікке дейін қамауға алынған. Куәгерлер тергеу абақтысының толып қалғанын, құқық қорғау органдары ұсталғандарды ұрып-соғып жатқанын жеткізді.

Беларусьте президент сайлауының ресми нәтижесіне наразы халық бес күннен бері көтеріліп жатыр. Басында милиция демонстранттарға су бүркіп, резіңке оқ, құлақ тұндыратын граната және көзден жас ағызатын газ қолданған. Мыңға жуық адам ұсталған. Жүздеген адам зардап шекті. Бір адам қайтыс болды.

Азаттықтың беларусь қызметі оның 34 жастағы Александр Тарайковский екенін анықтады. Ресми мәлімет бойынша, оның қолында ОМОН-ға қарсы қолданбақ болған жарылғыш зат жарылып кеткен. Бірақ марқұмның әйелі бұған сенбейді.

Бейсенбіде акциялар тыныш өтті. Минскіде билікке наразы кісілер қолдарына гүл ұстап, мыңдаған шақырым "ынтымақтастық шебін" құрып, ұсталғандарға қолдау көрсетті.

Президент Александр Лукашенко наразылыққа көңіл бөліп, халық алдына шықпады. Балтық өлкелері және Польша Лукашенконы "өз еліне қарсы күш қолдануды тоқтатуға" шақырды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522