Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2350 0 пікір 9 Желтоқсан, 2011 сағат 06:48

Rompetrol Rafinare Қашаған жобасының аясында Agip KCO операторларының тобын дайындады

Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ - «Agip KCO Казахстан» компаниясының 9 операторы Rompetrol Rafinare-де оқып шықты, деп  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) баспасөз қызметінен хабарлады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Rompetrol Rafinare компаниясы (The Rompetrol Group мұнайды қайта өңдеу бөлімшесі) соңғы 40 жылда ашылған «Қашаған» ірі мұнай кен орны жобасының бірінші кезеңін жүргізуге жауапты «Agip KCO Казахстан» компаниясының тоғыз операторына техникалық оқытудың ауқымды бағдарламасын өткізді», - делінген жұма күні таратылған хабарда.

«Біздер үшін The Rompetrol Group «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының бөлігі болып табылатынын ескеріп осы салада 30 жыл жұмыс бойына жинақталған тәжірибе және ноу-хаулармен біздің қазақстандық ұжымдастарымызбен бөлісу өте маңызды. Біздер сондай-ақ Атырау МҚЗ және Павлодар МҚЗ қызметкерлерін оқыттық», - дейді Rompetrol Rafinare бас директоры Арман Қайырденов.

«Жұмыс орнында оқыту» бағдарламасының міндеті тоғыз операторды The Rompetrol Group ең маңызды активі болып табылатын «Petromidia» платформасында мұнайдың қайта өңделген ағынымен таныстыруға бағытталған. Сонымен бірге бағдарлама қаңта өңдеу процестері, негізгі параметрлерді бақылау, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау міндеттері, сондай-ақ DAV (атмосфералық және вакуумды дистиляттау), DGRS (газды сульфаттан айыру және күкіртті кері айдау) қондырғылары мен су тазартуда операторлардың қиын міндеттеріне қатысты нақты білімді игеруді қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

«Agip» компаниясының мамандары олардың қасиеттері, білімдері мен дағдылары негізінде, сондай-ақ олардың білімді игеруі мен өз үйренгендерін өз қазақстандық ұжымдастарына бере білулері негізінде іріктелді.

Әр кезең соңында операторлар бірқатар теориялық және практикалық тесттерден өтті, бұл жағдайда алынған нәтижелер барынша жоғары болды. Бұдан басқа олар МҚЗ апаттық тоқтап қалуы, іске қосу немесе басқа да ақаулар сияқты оқиғаларды түрлі ынталандыру түрлерін шешуі керек.

North Caspian Operating Company B.V. (NCOC) компаниясы (КазМунайГаз, Eni, Shell, ExxonMobil, Total, ConocoPhillips и INPEX) консорциумының жеті серіктестігі атынан 1997 жылға дейін Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің өнімдерін бөлісу келісіміне сәйкес тағайындалған оператор ретінде әрекет етеді. «Қашаған» жобасының бірінші кезеңіне «Agip KCO» компаниясы жауап береді.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ - Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау, жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларының 100%-і «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499