Сенбі, 23 Қараша 2024
3397 19 пікір 14 Тамыз, 2020 сағат 15:55

Лукашенко халыққа шұғыл мәлімдеме жасамақ

Беларусь президенті Александр Лукашенко халыққа шұғыл мәлімдеме жасауға дайындалып жатыр. Бұл туралы Беларусь президентінің баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонт мәлімдеген.

«Александр Лукашенко халыққа шұғыл мәлімдеме жасауға дайындалып жатыр - президенттің баспасөз хатшысы Эйсмонт», - делінген «Коммерсант FM» радиостанциясының желідегі ресми парақшасында.

Кейін бұл ақпарат аноним Telegram каналда пайда болғаны және бұл мәліметтің әлі нақтыланбағаны хабарланды.

Сондай-ақ, республика кеңесінің төрағасы Наталья Кочанова Лукашенконың атынан наразылыққа шыққан тұрғындарды ұстау мәселесіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, митингіге қатысып ұсталған мыңнан аса адам үйіне жіберілген. Ол «Беларусь 1» телеарнасының эфирінде беларусьтарға «төбелес те, соғыс та керек емес», деді.

«Президент еңбек ұжымдарындағы адамдардың пікірін естіп, маған наразылыққа шыққан тұрғындарды ұстау мәселесін шешуді тапсырды. Бұл соңғы күндері болған оқиғаға қатысты. Қазіргі таңда осы бағытта белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгін кешке рұқсат етілмеген шараларға қатысқан мыңнан аса адам үйіне жіберілді. Ал кәмелетке толмағандар қолхатпен ата-аналарына жіберілді», - деді Наталья Кочанова.

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5532