Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5220 22 пікір 17 Тамыз, 2020 сағат 17:04

Қазақ қайтсе, Қазақ болады?

Бүгінгі қазақ, мүлде басқа қазақ...

Тілі шұбарланған, жігері жүнше түтілген. Тілінің, мәдениетінің, дінінің, дәстүрінің толық иесі болудан қалып бара жатқан қазақ. Ал, мұндай ұлттың қазіргі жаһандану дәуірінде болашағы баянды бола қоярма екен? Қайдам?

Италиян ойшылы Н.Макиавелли «ұзақ уақыт құлдықта болған халық еліне деген құштарлықтан, патриотизм мен имандылықтан айырылып, көнгіш, жалтақ, тілалғыш, жағымпаз болады» деген екен. Тағыда сол данышпан,

«Мұндай жұрт кездейсоқ жағдайда табылған еркіндікті де пайдалана алмайды» дейді. Бәлкім біздің ұлт сол күйді кешіп жатыр ма?

Қазір көбіне Кеңестік заманды жамандауға үйірміз. Алайда ол кездің өзіндік артықшылықтары болды. Оны жоққа шығара алмаймыз.

Ол заманның өзіндік идеологиясы қандай еді? Октябрать болды, пионер болды, комсомол болды, коммунист болды. Ал, осы буын-буынға бөліп тасталған атаулардың өзі тұтас кеңестік ұрпақты тәрбиеледі. Отанын сүйюді, елін-жерін қастерлеуді, үлкен-кішіні сыйлауды, адал болуды жадына сіңірді. Бұл идеология өзін ақтады.

Бізде бұл кеңістік бос тұр. Тәуелсіздік алғалы. Айтылды. Жазылды. Ұлтты ұйытатын темірқазық іздеді. Тапса тірлік басқа болар еді. Таппағаны. Ол ұлттық идея –идеология. Ақиқатқа тіке қарайық. Тілі шұбарланған, тарихын «қаңсық» деп танитын, мәдениетін, салт-дәстүрін менсінбейтін, ұлт мүдесінен, жеке бастың қамын жоғары қоятын, рухсыздық дағдарысына түскен, санасы, руханияты отарсыздану үдерісін өткермеген қазақты, өзге деңгейге көтеретін, идеология жетіспей жатыр. Бүгінгі қазақ «қазақпын» деп мақтанудан кеткен. Керісінше арғы атасы аталып, руы мақталса соған еліп етеді. Қазақ ХХI ғасырда өмір сүрседе, осылай рулық, жүздік деңгейден аса алмауда. «Мен қазақпын» деп айтатын белге көтеріле алмай қойды. Бір қазақ осылайша, қақ бөлініп мың қазаққа айналып, рулық, жүздік, жершілдік санамен өмір сүруде. Бәлкім бұл қазақтың өсіп-өркендеуіне үлкен бөгет, аяғына салынған тұсау, мойнына ілінген қамыт болар. Қазақтың айналасында отырған азғана ұлт өкідлерін өзіне сіңіре алмай, олардың ыңғайына қарай өмір сүріп, қажет болса солардың тілінде сөйлеуге тырысуы, соны мәдениет көруі масқара жағдай. Осылай бола бермек пе? Жоқ. Ол үшін ұлтық идея керек. Соны толықтыратын идеология қажет.

Демек, «ұлтымыз қандай ұранның, ұлттық мүденің айналасына топталуы тиіс?» дейтін сауал өз-өзінен туып тұр.

Азаматхан Әміртайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

22 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502