Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2567 0 пікір 13 Желтоқсан, 2011 сағат 12:58

Болат Дүйсембі. Экстремизмді шектеуге сауатты саясат қажет

Қазіргі замандағы адамзатты толғандырып отырған бір мәселе барша елдерді жайлай бастаған экстремизм болып отыр. Экстремизм барша адамзатты тығырыққа әкелетін - қолдан жасалып отырған зұлымдық. Бұл үдеріс (терроризмнің адамдарға хасірет әкелуі) күннен күнге қарапайым халықтардың арасында үрей тудырып, ұрпақ келешегіне  алаңдау пайда болды. Әлемде орын алып отырған осы құбылысқа байланысты ешбір елде ғылыми тұрғыдан сараптама жасап оның пайда болуы мен дамуының негізгі себептерін ашып, шындық айтылмайды.Ақпараттық  кеңістікте бұл құбылысқа бір жақты тек саяси баға беріліп үстемдік етіп отырған билеуші топтың тұжырымы мен пікірі ғана айтылады. Барлық елдердің осындай бағыт ұстауының басты себебі қазіргі замандағы қоғам өмірінің шектен тыс саясаттануына байланысты және  осы әлемдік саясаттанудың өзі үстемдік жүргізіп отырған бір философиялық бағыттың шеңберінен аса алмауында. Ал, саясаттанған әлемдік қоғам ұстамының қалыптасуына бір ғана философияның идеялогиялық үстемдік  жүргізіп отыруы адамзаттың даму келешегіне көптеген қайшылықтар әкеліп, адамзатты рухани дағдарысқа әкелетіні белгілі. Өйткені, әлемдік қоғамның дамуы адамдардың білімдерінің жетілуі мен олардың өсу психологисына тікелей байланысты болуы табиғи заңдылық.

Қазіргі замандағы адамзатты толғандырып отырған бір мәселе барша елдерді жайлай бастаған экстремизм болып отыр. Экстремизм барша адамзатты тығырыққа әкелетін - қолдан жасалып отырған зұлымдық. Бұл үдеріс (терроризмнің адамдарға хасірет әкелуі) күннен күнге қарапайым халықтардың арасында үрей тудырып, ұрпақ келешегіне  алаңдау пайда болды. Әлемде орын алып отырған осы құбылысқа байланысты ешбір елде ғылыми тұрғыдан сараптама жасап оның пайда болуы мен дамуының негізгі себептерін ашып, шындық айтылмайды.Ақпараттық  кеңістікте бұл құбылысқа бір жақты тек саяси баға беріліп үстемдік етіп отырған билеуші топтың тұжырымы мен пікірі ғана айтылады. Барлық елдердің осындай бағыт ұстауының басты себебі қазіргі замандағы қоғам өмірінің шектен тыс саясаттануына байланысты және  осы әлемдік саясаттанудың өзі үстемдік жүргізіп отырған бір философиялық бағыттың шеңберінен аса алмауында. Ал, саясаттанған әлемдік қоғам ұстамының қалыптасуына бір ғана философияның идеялогиялық үстемдік  жүргізіп отыруы адамзаттың даму келешегіне көптеген қайшылықтар әкеліп, адамзатты рухани дағдарысқа әкелетіні белгілі. Өйткені, әлемдік қоғамның дамуы адамдардың білімдерінің жетілуі мен олардың өсу психологисына тікелей байланысты болуы табиғи заңдылық. Адамдар табиғаттың бір бөлшегі болғандықтан олардың (әлемдегі халықтардың) еркін өсіп табиғи кеңістікте ғасырлар бойы даму заңдылығына байланысты алуан түрлі психологиялық  мінез құлқы, көзқарастары қалыптасқан және  этникалық топтардың қалыптасудағы  бұл құбылыс табиғи даму заңдылығы. Ал, осы заңдылықты бір ғана үстемдік етіп отырған философиялық ұғымға тәуелді ету  адамзаттың даму кезеңінде көптеген қайшылықтың туындауына алып келеді. Адамзаттың келешегі тек табиғи алуан түрлі әлеуметтік психологияның бір бірімен гармония тауып, даму жарасымдылығының табиғи дамудан  ауытқымауына тәуелді. Осы заңдылықтың негіздерін айқындап, оның даму жолдарын дәлелдеу келешек ғалымдардың еншісі.  Осы үстемдік жүргізіп отырған  иудея - хрестьяндық философиясының ықпалынан пайда болған бағыт қазіргі  жыл санау  есебі бойынша бірші мың жылдықтың жартысынан бастау алады. Оның жүйелі дамуына жол салған он бірінші хасырдың аяғында  басталып, он алтыншы ғасырда толастаған батыстың кресті жорықтары болды. Крест жорықтарының  идеологиялық бағыты негізінен ислам діни өркениетіне қарсы(хрестьян дін құндылықтарын қорғауды сылтауратқан)  агрессиялық ұстаным болды.Ал, он алтыншы ғасырдан бастап он тоғызыншы ғасырдың ортасына дейін жер шарының түпкір - түкірлерін жаулаумен байлығын тонап Еуропа елінің дәулетін асыруына мүмкіншілік туғызған және батыс идеологиялық ұстамының үстемдік жүргізуін бір жүйеге әкелген қазіргі евроцентризм бағытты дүние жүзін мойындатты. Ғылымның дамуына байланысты прогрестік техникалық  даму, жаңа технологиялардың пайда болуы әлемнің экономикалық  даму үдерісіне әкелген өзгерістер халықаралық қарым - қатынастар саясатына өзгерістер әкелді. Яғни, ғылымның даму салдарынан адамдардың сауаттылығы артып, саналарында жаңашыл өзгерістердің пайда болуынан  адамзат дамуының жаңа деңгейге көтерілгені әлемдік саяси үрдіске де өз әсерін тигізді.  Енді әлемдегі шикізат ресурстары мен нарықтық пайда табатын мүмкіншіліктерді ашық агрессия жолымен шешіп үстемдік жасау мен әлемдік  саясатты бақылауда ұстап отыру алпауыт мемлекеттерге қиынға түсті.  Енді алпауыт мемлекеттер мен жаңадан пайда болған әлемдік қаржылық топ барша әлемді өз ықпалынан шығармаудың жолын іздеуге тура келді. Өйткені  әлем өзгерген, бұрынғыдай ашық соғыс жүргізу әлемдік қауымдастықтардың наразылығынан өздерінің күйреуіне әкелетіні белгілі.Сондықтан, жиырмасыншы ғасырдың ортасынан бастап, алпауыт елдердің құпия түрде келешекте өз мүдделері бар елдерде жоспарлы түрде ұзақ мерзімді экстремистік жұмыстарды тиянақты түрде жүргізуді қолға ала бастаған. Осындай жұмыстарды жүргізу үшін пайдаланатын негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

 

1) діни экстремизм; 2) ұлтаралық қатынастар; 3) жеке мемлекеттегі ішкі ұлт  мәселесі;       4) әлеуметтік жағдайдың нашарлауы, табиғи байлықтан түсетін пайданың нәтижесін көрудегі теңсіздік; 5) адамдардың  құқығын қорғаудағы әділетсіздік; 6) рухани бағыттағы(коғамдық сана қалыптастыру) диверсия; 7) тарихи шиленістердің қалдықтарын пайдалану; 8) мемлекеттердің сыртқы саясаттарының қателіктері; 9) мемлекеттердің билік жүргізудегі және ішкі саяси мәселелерді шешудегі кемшіліктері; 10)сепаратизмді қолдау; 11) экологиялық диверсия; 12) биліктің халықтың пікірімен санаспаудан туындайтын наразылықты пайдалану     т. б.

Қазіргі кездегі халықаралық экстремизмнің негізгі бағыты ислам өркениетіне қарсы ұйымдастырылатыны да ешкімді көп ойландыртпайтын сияқты. Себебі осы ислам дінінің ішінен секталық, сепаратистік бағыттарды тудырып, оларды қаржыландырып және идеолгиялық қолдау көрсетуді батыс империялық мемлекеттері он тоғызыншы ғасырдан іске асыра бастады.  Сол уақыттан бері  әлемдегі барлық зұлымдық тек ислам дінін ұстаған елдерден  тарайды деп адамзат санасын уландырып келеді. Экстремизм  тек ислам дініне ғана тәнбе деген сұрақтың жауабы өз өзінен әлемдегі орын алған басқа діндердегі шиленістер жауап беріп отыр. Орта ғасырдан бері орын алған хрестьян дінінің ішіндегі католиктер, провославия, протестанттар арасындағы жағдайлар мен жиырмасыншы ғасырдан шешілмей келе жатқан  Ирландықтардың, Баск халқының, таяу шығыста еврей сионизмнің салдарынан туындаған палестина халқының мәселелеріне көз жұмып қарауға болама. Германия мен Италия жерінде туған фашизм мен Израил сионизімінің ұлтық  мүдде қорғау шеңберінен шығып, агрессиялық қылықтарының фашизмге ұласып бара жатқанына ислам дінінің қандай қатынасы бар. Ал, бар болса оны ғылыми тұрғыда дәлелдеу қажет. Әлемдегі әділдіктің ең басты қағидасы алуан түрлі философиялық ағымдар мен діни бағыттардың теңдігінің балансын сақтау дейтін болсақ. Евроцентризм мен сионизмнің топырағынан экстремизмнің ең сорақы қылықтарының құлағы көрінп тұрса да оларды сын алаңынан қорғаштап, шаң жуытпау ерекше орын алған.Халықаралық экстремизм  алпауыт елдердің мүддесін шешетін капитализм негіздерін қорғайтын империялық амбицияадан туындап отырады. Ал, бір ел ішіндегі терроризмге әкелетін экстремизмді тудыратын себептерді анықтайтын болсақ ол мыналар:  бірінші, сол елдің сыртқы саяса ұстамына наразы алпауыт мемлекеттің іштен шалу әрекеті, екінші, мемлекеттің ішкі саясатындағы кемшіліктер, а)ұлтық мүдденің мәселелерінің шешілмеуі, б)әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі, в) қоғамдағы әділетсіздік(халық пікірімен санаспау), үшінші, билік тізгінін орталықтандыруға(бір қолда ұстау) және қатайтуға байланысты бағытталған мемлекеттік саяси экстремизм.

Қазақ жеріндегі экстремизмнің бұрын ел естімеген терроризмді алып келу себебі өте күрделі мәселелерге байланысты сыяқты. Бірінші, сырттан келген халықаралық экстремизмнің қатысы. Жаңа тәуелсіздік алған елімізге экономикалық экспансия жүргізіп ел байлығын тонауды тұрақты іске асыру мақсатында тәуелсіздікті алған күннен бастап жоспарланған ұзақ мерзімді діни, рухани, саяси бағыттағы экстремистік құпия жұмыстардың жүргізіліп келе жатқанына күмәндануға болмайды. Бұл жұмыс жүйелі түрде үнемі жүріп жатады, ал қажетті уқыт келген кезде  сол елдің халқына, билікке үрей тудырып, ықпал жасау тетіктерін қосып отырады, егер билік ырқына көнбесе оы лақтыруды іске асырады. Қазақстан әуел баста әлемге өзінің сыртқы саясатын көпвекторлы бейбіт, тіпті ядролық  қаруды шектеуді қолдайтынын жариялап, жүре келе Азиялық аймақтық одақты қойып әскери одаққа кіруі, қала берді кедендік одаққа, соңынан Ресеймен бірлесіп  Еуро одағын құруы батыстық  саясатқа қарсы келешек әскери -саяси блоктың сәулесінің жылтыңдауы деген болжаммен, әлемдегі кейбір күштердің мүддесіне қайшы болғандықтан оларды алаңдатуы мүмкін. Екінші, табиғи байлығы мол халқы аз қазақ еліндегі әлеуметтік мәселелердің түбегейлі шешілмеуінен қарапайым халық кедйшілік өмір сүрсе, барша байлық аздаған билікке қатысы бар топтың қолында

болып, жемқорлық, әлеуметтік теңсіздік ауыл мен қалада маргиналдардың күн санап өсуіне әкелуі халық арасындағы наразылықтың туындауын өршітіп, ашынған адамдарды қандай да болмасын билікке қарсы шараларды қолдауға әкелетіні. Үшінші, еліміздегі биліктің ешқашанда халықтың пікірімен санаспай саяси ұпай қуалап адам психологисындағы ең нәзік және тез жараланатын сезімі дін мәселесіне өктемдік жасауы түбі опатқа әкелетіні белгілі. Өйткені: а)негізінен бір біріне үйреншікті болған ислам мен хрестьяндық проваславия діні болған елге әлемдегі барша  діни бағытты жинау келешекте еліміздегі тыныштықтың дозаққа айлануына жол ашатыны, б)өзінің қалыптасқан тарихи өркениеті (дін рухани қалыптасу ошағы) бар елдің есігін айқара ашып, жабайы ел сыяқты миссионелерді кіргізу - олармен бірге түрлі экстремизмдік бағыттардың енуіне мүмкіншілік туатыны, в) дін тураллы заң қабылдаудағы халық пікірімен санаспай жіберілген өрескел қателіктер.Мысалы әлемдегі барлық елдер армия мен басқа да адамдар шоғырланатын жерде діни өкілдіктердің болуын іске асырып жатқанда негізгі ислам дінін ұстанатын халықтың құқығын шектеу  діни экстремизмді үдетпесе бәсеңсітпейді. Төртінші, мемлекет құрушы қазақ халқының үлттық мүдделеріне байланысты мәселелердің шешілуіне мән бермей және  халқтың әлеуметті жағдайына(ауыл мен қала  жатақтарының мүшкіл халі) немқұрайды қарап,пікірімен санаспауы биліктің өз халқынан оқшаулануына  алып келіп, түбі үлкен дағдарысқа әкелетіні. Мемлекетті құратын да, оның босағасын берік шаңырағын жоғары ұстайтын да, қорғайтын да  қажет болған жағдайда билікті өзгертетін де қазақ халқы. Осыны әрқашан да еске сақтау қажет. Бесінші, қоғамдағы әділетсіздік, адамдардың  азаматтық  құқтарының бұзылуы, жасанды демократиялық  әрекеттерге бару, жемқорлықтың қоғам өмірінің барлық  жақтарына  кеңінен жайылуы, әсіресе құқық қорғау орындарында кеңінен етек алуы мемлекеттің келешегі мен тәуелсіздігіне  қатер әкеледі. Осы орын алып отырған жағдайлар экстремизмнің  қауіпінің ұлғаюына мүмкіншілік береді. Жоғарыдағы аталған себептерді жою мәселесін шешпей экстремизмнің радикалды түрі терроризмге жол бермейміз деу бос сөз.  Ел ішіндегі пайда бола бастаған наразылық  ұшқынының  өршіп, отқа айналмауының алдын алмай экстремизм қауіпі жоғалмайды.

Экстремизмді шектей білу үшін қазіргі адамзат өмір сүріп жатқан жаһандану кезеңнің ерекшелігін естен шығармау қажет.Тек сонда ғана мемлекеттің жүргізетін саясаты сауатты болады. Жаһандану кезінде  әлемдік үстемдік етіп отырған біраз алпауыт мемлекеттер мен қаржылық топ ашық соғыс отын жағуға мүддесіз болғанымен жер шарының әрбір нүктелерінде локалдық қақтығыстар мен кейбір елдерде азаматтық қан төгістерді іске асырып отыруы заңдылық. Өйткені жаһандану дәуірінде экстремизм, терроризм  әлемдік үстемдік жүргізудің құралы екені күмән туғызбайтын ақиқит. Оны соңғы жүз жылдағы әлемдегі қоғамдық  даму тарихындағы орын алған құбылыстар көрсетіп отыр. Біз қоғам  дамуын үнемі  ой - електен өткізе отырып, қазіргі әлемдегі болып жатқан жағдайлар мен тарих сабақтарынан тағлым алғанымыз жөн.

 

Болат Дүйсембі,
«Ұлт тағдыры» қозғалысы
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510