Сенбі, 23 Қараша 2024
2559 2 пікір 25 Тамыз, 2020 сағат 12:52

Экс-әкімнің соты басталды

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовқа қатысты сот отырысы басталды. Аймақты бір жыл басқарған экс-әкім аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдікке ілінген болатын.

КТК арнасының хабарлауынша, сот коронавирусқа байланысты онлайн режімде өтіп жатыр.

- 5 тамыз күні Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовқа қатысты қылмыстық іс түскен. Аталған іспен сотталушыларға ҚК 190-бабы, 4-тармағы, 2-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Қазір сот ісі қаралу барысында, – деді Қызылорда облыстық сотының баспасөз хатшысы Ардақ Ысмағанбетова.

Айта кетейік, 53 жастағы бұрынғы әкім алты ай бұрын қамауға алынған. Судья шенеунікті абақтыға емес, үйқамаққа жабу туралы шешім шығарыпты. Алаяқтық жасады деген Ысқақовпен бірге оның екі орынбасары, ең жақын көмекшісі және тағы бір кәсіпкер тұтқындалды деген ақапарат таралған. Десек те соңғылары.туарлы ресми дерек жоқ. Бейресми мәліметтерге сәйкес, экс-әкім халықтың Арыс тұрғындарына жинап берген ақшасын жеп қойған.

Атап айтқанда, қайырымдылық қордағы 80 миллион теңгені түрлі фирмалар арқылы қалтаға басқан көрінеді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387