Сейсенбі, 26 Қараша 2024
3172 0 пікір 27 Тамыз, 2020 сағат 12:40

Италияда қазақстандықтар отырған яхта өртенді

Италияда қазақстандықтар отырған яхта өртенді. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. 

Өрт басталғанда 50 метр Lady MM қайығы Капри аралынан Сардиния аралына қарай бағыт алғаны хабарланды. Жағалау күзеті түсірген видеодан қайық қара түтіннің астында қалып, суға батып жатқанын көруге болады.

Сол кезде бортта 17 адам болған. Оның сегізі - қазақстандық туристер және қалған 9-ы - экипаж мүшелері. Олар қайықтан өздігінен түсіп, шағын қайыққа отырған. Сол жақтан жағалау күзеті оларды шығарды.

Өртті жағалау күзетінің екі катері және тікұшақ сөндірді.

Өрттің себебі туралы хабарланбады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019