Сенбі, 23 Қараша 2024
2978 3 пікір 30 Тамыз, 2020 сағат 10:10

Н.Нығматулин: Ата заң – қуатты мемлекеттің негізі

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды мемлекеттің айтулы мерекесі Конституция күнімен құттықтады.

Мәжіліс Төрағасы өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында жариялаған құттықтауында:

«Сіздерді еліміздің мәртебелі мерекесі – Конституция күнімен құттықтаймын! Осыдан 25 жыл бұрын Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев іргесін қалаған Ата заңымыз тәуелсіздігімізді нығайтып, халықтың бірлігі мен ынтымағын арттырды!» - деді.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы өз құттықтауында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Конституцияда белгіленген қағидаттарының арқасында Қазақстан бүгінде заманның сын-қатерлеріне жауап беріп, Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес дамып келе жатқанына тоқталды.

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин 1995 жылы қабылданған Конституцияның арқасында кәсіби Парламент құрылғанын айтып, Конституцияда бекітілген қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық және патриотизм - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырудың кепіліне  айналғанына назар аударды.

Мәжіліс Төрағасы Тәуелсіздіктің тұғырына айналған Ата заң әрбір қазақстандық үшін қымбат екенін алға тарта келіп, барша халқымызға  амандық, елімізге құт-береке тіледі.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338