Сенбі, 23 Қараша 2024
2830 1 пікір 2 Қыркүйек, 2020 сағат 10:42

«Көше партиясына» қатысы бар деп күдікке ілінген белсенді ұсталды

Сотпен тыйым салынған "Көше партиясына" қатысы бар деп күдікке ілінген белсенді, Алматы облысының тұрғыны Қайрат Қылышев ұсталды. Бұл туралы белсендінің адвокаты Ғалым Нұрпейісовке сілтеме жасаған Vlast сайты хабарлады.

Адвокаттың айтуынша, белсендіге Қылмыстық кодекстің 405-бап, 2-бөлігі ("Тыйым салынған ұйымның ісіне араласу") бойынша айып тағылған. Бұған дейін белсенділер Асхат Жексебаев пен Абай Бегімбет те осындай күдікке ілініп, қамауға алынған еді.

"Есіл аудандық соты қызметіне тыйым салған "Көше партиясы" қозғалысын насихаттап, ісіне араласты деген күдікпен [ұстады]. Қазір ол уақытша қамау изоляторында болуы тиіс" деді адвокат.

Азаттық бұған дейін Қылышевтің тамыз айының басында өткен Дулат Ағаділдің асынан кейін "бейбіт шеруге қатысты" деп айыпталып, 8 тәулікке қамалғанын жазған еді. Нұрпейісовтің айтуынша, оны әкімшілік қамаудан шыққан жерден полиция департаментіне алып кеткен.

Азаттық тілшісі әзірге полициядан жауап ала алмады.

Мамыр айында сот "Көше партиясын" елде экстремистік деп танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысымен бір ұйым деп танып, қызметіне тыйым салған еді. Қазақстан соты "экстремистік" деп таныған ҚДТ-ны Еуропарламент 2019 жылғы наурыз айындағы қарарында "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деп атаған. Оның жеткшісі оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов ҚДТ туралы сот шешімінің саяси астары бар деп санайды. "Көше партиясы" мен ҚДТ қызметіне тыйым салу туралы сот шешімдері жарияланбады. Бұл ұйымның жақтастары шешімнің саяси астары бар деп санайды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371