4 қазақстандық балық өңдеуші жаңа кәсіпорын Еурокомиссияның ЕО импорттаушыларының тізіміне кірді
Астана. 15 желтоқсан. ҚазТАГ - Еуропалық комиссия 4 қазақстандық балық өңдеуші жаңа кәсіпорынды Еуропа одағының (ЕО) импорттаушыларының қатарына қосты, делінген ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің (АШМ) ақпаратында.
«Еуропалық комиссия Еуропа одағы импорттаушыларының тізіміне бұрынғы алты қазақстандық балық өңдеуші кәсіпорыннан басқа, тағы төрт балық өңдеуші кәсіпорынды қосты, олар: Атырау облысы Дамбы ауылындағы «Амангелді» ӨК; Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласындағы «Хамит» АТК; Алматы облысы Қапшағай қаласындағы «Рыбпром» ЖШС; Шығыс Қазақстан облысы Төре Там ауылындағы «Восток Бизнес Трэйд» ЖШС», - делінген баспасөз хабарламасында.
ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мақұлдаған балық өндіруші кәсіпорындар инспекциялау актілері бойынша Еуропа одағының регламенттеріне сәйкес келеді. Шығарылатын өнімдердің бәрі ҚР мемстандарт ИСО/МЭК 17025 талаптары бойынша аккредитацияланған ветеринариялық зертханаларда Еуроодақтың регламенті бойынша зерттеледі.
Балық өндіруші кәсіпорындар өндірісте ХАССП жүйесін енгізген және шығарылатын балық өнімдерін ішкі бақылау арқылы қадағалайды. Мұнда барлық технологиялық, гигиеналық ережелер сақталады.

Қазақстанда алғаш рет ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықта Еуроодаққа экспортталатын балық пен балық өнімдеріне диоксин және диоксинтүрлес заттарға жоспарлы түрде зерттеулержүргізіледі. Бұған дейін диоксин және диоксинтүрлес заттарға жоспарлы зерттеулер Ресей институттарында жүргізіліп келді.
Осылайша, жаңа қосылған төрт кәсіпорынды қоса есептегенде, қазақстандық 10 балық өңдейтін кәсіпорынды Еуроодақ мақұлдап, оларға Еуроодақ аумағына балық өнімдерін экспорттауға рұқсат берді. 2010 жылдан бері Еуропа одағына 3 мың тоннадан аса қазақстандық балық өнімдері экспортталған.