Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2122 0 пікір 15 Желтоқсан, 2011 сағат 08:42

Астанада тәуелсіздік күні 3 мыңға жуық полиция қызметкері тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қадағалайды

Астана. 15 желтоқсан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Астанада 16-19 желтоқсанда Тәуелсіздік күнін мерекелеу кезінде 3 мыңға жуық полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті қадағалайтын болады, деп хабарлайды елорданың ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз қызметі.

«Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қорғауға ішкі істер органдарының 3 мыңға жуық қызметкері тартылады», - делінген бейсенбі күні таратылған баспасөз мәлімдемесінде.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, алдағы қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық шаралар қарсаңында тартылатын жеке құрам 1500 қызметкерге артылып, күшейтілген қызмет кестесіне ауыстырылды.

«Шаралар өткізілетін нысандарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оларға жақын аумақтарда, қонақтар тұратын орындарда полицияның күшейтілген нарядтары тәулік бойы кезекшілік етеді, ал көшелерде патрульдық қызметтердің тығыздығы артылды», - делінген ақпаратта.

ІІД мәліметтеріне сәйкес, елордаға кіретін жерлерде «Рубеж» жүйесінің стационарлық бекеттерінде де қажет шаралар қолға алынды. Мереке қарсаңында «Құқықтық тәртіп», «Қару», «Мигрант» оперативті-алдын алу шаралары жүргізілді.

«Оперативті-алдын алу шараларының нәтижесінде қала көшелерінде жасалатын қылмыстардың саны айтарлықтай азайғаны байқалады», - делінген ақпаратта.

Қазақстанда Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсанда атап өтіледі. «Мемлекеттік мерекелер туралы» заңға сәйкес, 2011 жылы халық 4 күн - 16, 17, 18 және 19 желтоқсанда демалады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5489