Назарбаевқа «Елбасы» төсбелгі табыс етілді
Сенаттағы салтанатты жиында тұңғыш президентті марапаттау туралы қаулысымен, Қазақстанның мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы»төсбелгі табыс етілді, - деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
«Бүгін Парламент Сенатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыста Мемлекет басшысына «Елбасы» төсбелгісі тапсырылды», - делінген сәрсенбі күнгі баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.
Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты айрықша үлгідегі «Елбасы» белгісімен марапаттау туралы қаулыны сенаторлар бірауыздан қолдады.
Сенат төрағасы Қайрат Мәми атап өткендей, депутаттар мұндай шешімді қабылдау арқылы Мемлекет басшысының тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы және дамытудағы орасан рөліне тарихи бағасын берді.
Президент сенаторларға аталған бастамалары үшін ризашылығын білдіріп, Парламенттің Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға үлкен үлес қосқанын атап өтті.
«Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде Парламент депутаттары елдің, экономика мен қомғамның игілігі үшін үлкен жұмыстар атқарды. Біздің еліміз биліктің барлық тармағының тиімді өзара іс-қимылының арқасында барлық ауырпалықтар мен қиыншылықтарды еңсере білді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
АСТАНА, 14 жел - Қазақстан жаңалықтары АА.
newskaz.kz