Жаңаөзендегі қақтығыс
Бүгін Жаңаөзен қаласында орталық алаңдағы Тәуелсіздік мерекесіне арналған іс-шаралар жаппай тәртіпсіздіктің орын алуына байланысты өтпей қалды. Жарты жылдан бері жалақыларының көтерілуін талап етіп қарсылық акцияларын ұйымдастырып жүрген мұнайшылар ең алдымен алаңдағы жаңа жылға орай құрылған шыршаны өртеген. Сосын алаңға тігілген 20 киіз үйді де өртеп жіберген. Полицияға қарсы таяқтар, білеу темірлер және «Молотов» коктейлін пайдаланған ереуілшілер түске қарай әкімшілік ғимараты мен «Өзенмұнайгазға» еншілес компанияның ғимаратын және «Аруна» қонақ үйін өртеп жіберген.
Бас прокуратура таратқан мәлімет бойынша, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырған арандатушылар көрінеді. Ондаған адамның қаза болып, жүздеген адам ауыр жараланды деген ақпарат шындыққа жанаспайды деп мәлімдеген болатын бас прокуратура.
Ереуілшілерді қолдап жүргендер болса мұнайшыларды алты айдан бері қарсылық акциясын ұйымдастырып жүрген алаңнан тықсырып тастамақшы болған билік қақтығыстың басталуына кінәлі деп ақпарат таратуда.
Жалпы, Жаңаөзендегі бүгінгі қақтығысты ұйымдастырып отырған М.Әблязов болуы әбден мүмкін. Өйткені бұған дейін ол «Фейсбукта» 16 желтоқсан күні мұнайшылар бейбіт шеруге шығып президенттің қызметтен кетуін талап етеді деп ақпарат таратқан. Ондаған адам өлді деп елді дүрліктіріп отырған да М.Әблязовтың арандатушылары болуы мүмкін дейді сарапшылар.

Әзірге, Жаңаөзендегі жағдай туралы толық ақпарат бере алмаймыз. Қаламен байланыс мүлдем үзілген. Интернет, байланыстың басқа түрлері түгел істемейді. Бірнеше сағаттан соң Бас прокуратура Жаңаөзендегі жағдайға байланысты баспасөз-мәжілісін өткізеді.