Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2725 0 пікір 18 Желтоқсан, 2011 сағат 10:28

Бек Датұлы. Арандатушылар. Арнайы жасақ. Диалог. (видео)

Жаңаөзендегі қақтығысқа қатысушыларға қарсы жұмылдырылған арнайы жасақ сарбаздары өте жіті және ұйымдасқан түрде қимылдады. Бұған дейін талай сөзге қалып келген, әсіресе лаңкестермен күресте үнемі жауынгерлері оққа ұшып жүретін арнайы жасақтың кейінгі кезде дайындықты күшейте түскені анық байқалады. Жаңаөзендегі қақтығыс кезінде тәртіп бұзушыларға қарсы жұмылдырылған арнайы жасақтың әрекетін видеодан көре аласыздар.

Жаңаөзендегі қақтығысқа қатысушыларға қарсы жұмылдырылған арнайы жасақ сарбаздары өте жіті және ұйымдасқан түрде қимылдады. Бұған дейін талай сөзге қалып келген, әсіресе лаңкестермен күресте үнемі жауынгерлері оққа ұшып жүретін арнайы жасақтың кейінгі кезде дайындықты күшейте түскені анық байқалады. Жаңаөзендегі қақтығыс кезінде тәртіп бұзушыларға қарсы жұмылдырылған арнайы жасақтың әрекетін видеодан көре аласыздар.

Интернетте Ақтау әуежайына Белоруссияның арнайы жасағы мінген ұшақ келіп қонды деген ақпарат тарауда. Бірақ, ол туралы әлі ешқандай ресми ақпарат жоқ. Видеодағы арнайы жасақ сарбаздарының қимылын баға отырып бізге шетелден көмек сұраудың қажеті не деген сұрақ туындайды. Құқық қорғаушыларға қарсылық көрсетіп, ғимараттарды өртеп жүргендер мұнайшылар деу қиын. Мәселен, Жаңаөзен қаласында елуге жуық ғимарат өртенген. Ол қала тұрғындары өздерінің қолымен тұрғызған, барлығына керек ғимараттар еді ғой. Өз еңбектерін, өз өткендерін мұнайшылар өз қолдарымен өртеді дегенге сену қиын. Әрине, ашуға ерік беруге болады. Ашынуға мәжбүр етсе. Бірақ, адамгершіліктен аттап вандализмге бой ұру еңбектің парқын білетін, сол үшін талап қойып тапжылмай жарты жыл алаңда отырған мұнайшыларға тән емес. Бәріміз де Жаңаөзендегі туыс-туғандарымыз үшін алаңдаулымыз. Олар бізге алаңға шығып тәртіп бұзып жүргендерге қосылмайтындарын, оларды қолдамайтындарын, ол адамдардың нақты арандатушы екенін, мұның бәрін әлдебір сыртқы күштердің істеп отыруы мүмкін екенін айтады. Бірақ мұнайшылар билікке әуелгі қойған талаптарынан қайтпақ емес. Жалақыларын көтерілуін, шетелдік мамандармен бірдей еңбекақы алуды қалайды. Оны әлеуметтік теңдік деп санайды. Бірақ ол үшін ғимараттарды өртеп, қан төгуге бармайтындарын хабарлауда. Жаңаөзенде ғана емес, арандатушылар Ақтауда да бой көрсетті. Олардың айтағына сеніп қалған біраз ағайындар орталық алаңға жиналғанымен түсіндіру жұмыстарынан кейін өз беттерімен тарап кеткен. Дегенмен, қала әлі де тыншымай тұр. Соған байланысты қазір қала тұрғындары Жаңаөзендегідей жағдай қайталанбас үшін Ақтауда да комменданттық сағат енгізіп, бейсуат жүрістер мен рұқсатсыз жиындар өткізуге тиым салу туралы Елбасының атына хат жолдап, оны әлеуметтік желілерде таратып жатыр. Хатты жазған нақты кім екені белгісіз. Қалай болғанда да қазір ақпараттық майданың қызуы тым күшті. Қазақ елінің берекесіне нұқсан келтіріп, өзара қырқыстырып қойғысы келетіндер аз емес. Анталаған ашкөз жау көп. Ақтаудағы шиеленіскен жағдай диалогпен шешілуі керек. Бірақ тек қақтығыстар толық ауыздықталып, бей-берекетсіздік тоқтатылған соң. Ел билігіндегілер аймақққа барып, халықпен жүздесіп, сабырға шақырып, талаптарына құлақ түріп, ортақ шешімге келуі тиіс. Жағдай ушығып тұрған аймаққа Ішкі істер минситрі емес, Үкімет басшысы К.Мәсімов баруы керек еді. Бәлен айдан бері ушығып келе жатқан істі арандатушылардың өз мақсаттарына пайдаланатынын біле тұра жайбарақаттыққа салынған Үкімет басшысының кінәсі көп. Қалай болғанда да бұл жағдайдың соңы бейбіт шешілуі тиіс. Халық арандатушыларға ермеуі керек, ал билік көп күттірмей мұнайшылармен диалогқа келуі қажет. Онсыз алдағы сайлау тыныш өтеді деу қиын. Көптеген сарапшылардың пікірі осыған саяды.

«Маса-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475