Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2317 0 пікір 19 Желтоқсан, 2011 сағат 11:06

«Ақ Жолға» аманат

Бүгін Астана қаласында «Ақ Жол» демократиялық партиясы қазақ мемлекетінің, ұлтының мүддесін қорғап, ұлықтап жүрген қоғамдық ұйымдар мен ұлт патриоттарының тарапынан тапсырылған сайлауалды аманатты қабылдады.  «Біз, «Ақ жол» партиясына төмендегі мәселелерді барша Қазақстан азаматтарының аманаты деп түсініп, Сайлауалды тұғырнамасы мен бағдарламасының темірқазығы етіп ұсындық» дейді ұлт патриоттары.

«Ақ жолға» тапсырылған аманат мынандай жолдардан тұрады:

- Қазақстанның тәуелсіздігін, саяси, экономикалық дербестігін көздің қарашығындай сақтап, қорғау;

- Қазақ жерінің барлық байлығын халықтың әлеуметтік, рухани қажетіне жарату;

- Азаматтардың сайлау еркі мен таңдау құқын қамтамасыз етіп, әділ де таза сайлау өткізуге партияның бар күш жігерін жұмсау;

- «Мемлекеттік тіл туралы», «Империялық отарлау саясатының зардабын жою туралы», «Ономастика туралы» жаңа заңдарды бірінші кезекте қабылдатуға күш салу;

- Қазақстан экономикасының дербестігін сақтау;

-  шикізат өнімдерін жөнсіз шетке шығаруды шектеу;

- жергілікті кәсіпкерлердің қызметі мен отандық өнім өндірісіне қолдау көрсету;

- Электр қуатын өндіруде әлемдік тәжірибеге сүйеніп, өзге баламалы қуат көздерін пайдалануды жүзеге асыратын мелекеттік бағдарлама жасау;

- Ұлттық ғылым, білім беру, денсаулық сақтау саласының жоғары деңгейде  дамуына жағдай жасау;

- Жаһандану дәуірінде рухани азғындыққа әкелетін дағдарыстан ұлтымызды сақтап қалу жолын анықтап; өз халқының тарихи, рухани құндылықтары негізінде ұрпақ тәрбиелеу үшін қазақ халқының рухани дамып, ұлттық жаңғыруын мемлекеттік тұрғыда іске асыруға ат салысу.

«Ақ Жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев мырзаға ұлт патриоттарының аманатын «Ұлы Дала» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан Айдос Сарым, «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Дос Көшім, «Әділет» тарихи-ағарту бірлестігінің атынан Бейбіт Қойшыбаев табыс етті.

Жиын барысында сөз алған партия төрағасы А.Перуашев: «Барлығымыз да ел бірлігі мен мемлекет тұтастығына, біздің туған халқымыздың әлеуметтік, рухани дамуына, игілігіне қызмет етуге тиіспіз. Бүгінгі сіздермен кездесу «Ақ Жол» партиясы мен ұлттық-патриоттық күштер арасындағы ынтымақтастықтың, қарым-қатынастың заңды жалғасы. Бұдан әрі сіздер мен біздер осы бағыттағы іс-шараларды бірлесіп іске асырамыз деп ойлаймын» деді.

Алқа қотан отырыстың үстінде сөз алған шешендер жиырмасыншы ғасырдың басында озық ойларымен, халыққа қалтқысыз қызмет еткен, сонысымен қазаққа аяулы болып қалған «Алаш Орда» қайраткерлері туралы да әңгіме қозғады.  Осы ретте ұлтшылдардың сөзін жалғастырған Азат Перуашев: «Алаш Орда» қайраткерлері ХХ ғасырдың басында-ақ ұлттық бірлікті, экономикалық даму мен либералды-демократиялық құндылықтарды бірінші орынға қойды. Олардың ұлттық дәстүр мен еуропалық, әлемдік өркениетті ұштастырып, білімді, мәдениетті, озық ел қалыптастыру идеясы бүгінгі «Ақ Жол» партиясының мақсат-міндетімен үндесіп жатыр» - деді. Ал, Дос Көшім болса, бүгінгі саяси партиялар «ұлт», «ұлтшылдық» деген сөздерден қорықпау қажеттігіне екпін түсірді. «Қазақ ұлтшылдығы өзге ұлтқа қарсы ұлтшылдық емес», - дейді Көшім мырза. Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым қазақ ұлты заманға сай жаңару мен жасампаздықты игеру қажеттігіне тоқталды. «Алматының «Самал» ықшам ауданы мен Астана қаласын қақ жарып ағатын Есілдің сол жағалауындағы жұрт үшін бәрі жақсы, бәрі керемет шығар, тіпті, оларға енді ешқандай жаңашылдықтың, жайлы тұрмыстың қажеті де жоқ шығар, бірақ, экономиканың ел тұрмысына жұмыс істеуін сарыла күтіп жүрген жұрттың қарасы мол. Жаңа өзендегі ереуіл соның дәлелі», - деді.

«Ақ Жолға» ұлт патриоттарының аманатын табыстауға келген белсенді азаматтар 5-ші  рет шақырылып  жатқан Мәжіліс сайлауы бұрынғы сайлаулардан өзгеше сипат ала бастағанын аңғарта сөйледі. «Бұл жолы, - деді, - олар қай партия болмасын өзінің сайлауалды тұғырнамасына қазақ ұлтының мұрат-мақсатын бірінші кезекке қоюда. Өйткені, еліміз өз жұртында басым ұлтқа айналып, сан сапаға шықты».

«Маса-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475