Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
2753 1 пікір 4 Қыркүйек, 2020 сағат 12:54

Қазақстанда вирус пневмониясына шалдыққандар саны өсті

2 қыркүйекте Қазақстанда вирус пневмониясына шалдыққан 571 адам анықталған, 6 адам пневмонияның осы түрінен қайтыс болған. 79 адам жазылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Елде ресми мәліметке сәйкес, вирус пневмониясына шалдыққандар саны күрт құбылып тұр. Бір күн бұрын белгілері коронавирусқа ұқсас пневмония 27 адамнан анықталған еді.

1 тамыз бен 2 қыркүйек арасында вирус пневмониясына 26 322 адам шалдыққан. 301 адам қайтыс болған. Осы аралықта 5 773 адам жазылған.

Ведомство мәліметінше, 2 қыркүйекте коронавирус инфекциясынан 6 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері Covid жұққаны тестпен расталған барлығы 1606 адам қайтыс болған.

Қазір коронавирус инфекциясынан 6 459 адам емделіп жатыр. 34-і – бала. Стационарда – 3 196 науқас, амбулаторлық жағдайда 3 263 адам емделіп жатыр. 171 адамның жағдайы – ауыр, 19 адамның жағдайы өте ауыр, 28 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Ал пневмониядан қанша адамның емделіп жатқаны туралы мәлімет жоқ.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 678
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2671
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1719