«Туған жер». Кәсіпкерлердің көмегі - 270 миллиард теңге!
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қамтылған алты арнайы жобының бірі «Туған жер».
Елбасының жалпыұлттық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған үш жылда «Туған жер» жобасы аясында атқарылған шаралар ауқымы аз емес. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің мәліметінше, жоба қолға алынған үш жылда қазақ кәсіпкерлері, қазақстандық қалты азаматтар өздерінің туған жерлеріне ұзын-ырғасы 270 миллиард теңгенің көмегін көрсеткен екен. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов мәлімдеді.
Жалпы саны 12 мың кәсіпкер, қалталы азамат «Туған жер» жобасын атқару,а атсалысқан екен.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жарияланып, «Туған жер» жобасы қолға алынған соңғы үш жылда еліміздегі атымтай жомарт, қалталы азаматтар өздерінің туған жерлерін көркейтуге белсенді атсалысып келеді. Осыған байланысты біздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2018 жылдан бастап «Жомарт Жүрек» қоғамдық сыйлығын тағайындаған болатын.
Ол бойынша соңғы үш жылда 12 мың меценат жалпы сомасы 270 миллиард теңгенің көмегін көрсеткенін айта кеткім келеді», - дейді вице-министр.
Министрлік ұсынған ақпаратқа сүйенсек, бұл қаражатқа 2600-ден астам түрлі нысандардың құрылысы басталып, 2142 ғимарат қайта жөндеуден өткізілген. Бұл нысандардың дені рухани әлеуметітк маңызы бар нысандар екен.
«Биылғы жылдың өзінде, әлемдегі аумалы-төкпелі ахуалдарға қарамастан 2 мыңнан астам демеуші азаматтардың арқсында 200-ден астам (228) нысан салынды. Бұл республикамыздың әр аймақтарында атқарылып жатқан жұмыстардың нақты көрсеткіші.
Олардың ішінде балабақша, мектеп, мәдениет үйлері, спорт алаңдары мен балалар алаңдары бар. Сөзсіз, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақта да жалғасатын болады. Ол үшін Үкімет пен жергілікті билік тарапынан барлық жағдай жасалатын болады», - дейді вице-министр.
Abai.kz