Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
3433 0 пікір 7 Қыркүйек, 2020 сағат 11:11

АҚШ соты Храпуновтарға айыппұл салды

АҚШ соты Ильяс пен Виктор Храпуновтарға қарсы сот өндірісінің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі мәлімдеді.

«2020 жылғы 3 қыркүйекте Нью-Йорктің оңтүстік округі бойынша АҚШ Округтік соты Ильяс пен Виктор Храпуновтарға қарсы сот өндірісінің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салу туралы кезекті қаулы шығарды.Судья Кэтрин Паркер Храпуновтар көптеген заңды міндеттемелерді бұзған, дәлелдемелерді әдейі жойған және кейбір дәлелдемелердің өз қолдарында жоқтығы туралы жалған жауап берген деген қорытындыға келді»,- делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ сот Храпуновтардың осы іс бойынша кейбір сот қаулыларын, соның ішінде Ильяс Храпуновтың құпия айғақтарды рұқсатсыз таратуға салынған тыйымды бұзғандығын анықтады.

«Ағымдағы жылғы 3 қыркүйектегі шешім соттардың Храпуновтар мен Аблязовқа қатысты құқыққа қайшы мінез-құлқы және сот өндірісінің тәртібін бұзғаны үшін айыппұлдар тағайындау туралы үстіміздегі жылғы мамыр айында және 2019 жылғы шілде айында шығарылған қаулылары қатарының жалғасы болып табылады. Бұл қатарынан санағанда бесінші шешім болып табылады. Айыппұлдың нақты мөлшері Талапкерлердің өздері жұмсаған сот шығындарының сомасын сотқа ұсынғаннан кейін белгіленеді»,-делінген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1172
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2697
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 819
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 789