Сенбі, 23 Қараша 2024
3001 3 пікір 7 Қыркүйек, 2020 сағат 17:22

Алматыда Жамал апаның рухына бағышталған қайырымдылық шара өтті (ФОТО)

Бүгін, Жамал апаның дүниеден қайтқанына 40 күн толуына орай Алматы Орталық мешітінде қайырымдылық шара өтті

Қайырымдылық шараға Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Алматы қаласы мешіттерінің имамдары, «Ықылас-2050» қайырымдылық қоры және еріктілер қатысты.

Шарада сөз алған Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай ең алдымен ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің ыстық сәлемін жеткізді. Сосын Жамал апамыздың 40 күндік садақасын дастархан жайып ас берудің орынына, қазіргі таңдағы карантиндік талаптарды ескере отырып, республикалық қайырымдылық шарасын қолға алған ғазиз ананың перзенттеріне алғыс білдірді. Бұл игі шара аясында еліміздегі мұқтаж отбасыларға қамқорлық жасалып, соның ішінде Алматы қаласы бойынша 500 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілетінін айтты. Сондай-ақ, он баланы өмірге әкелген «Батыр ана», «Құрмет» орденінің иегері, жақсылыққа жаны құмар Жамал апаның ел үшін істіген сауапты амалдарын еске алып, жылы лебізін білдірді. Сөз соңында жомарат анаға дұға бағыштап, рухы пейіште шалқысын деп тілек тіледі.

Содан қаланың бас имамы Жамал апаның ғибратты ғұмырынан сыр шершетін бүктемелер салынған азық-түлік себеттерін мұқтаж отбасылардың үйлеріне барып өз қолымен табыстады.

Қайырымдылық себеттері мұқтаж жандардың үйлеріне имамдар мен еріктілердің көмегімен арнайы көліктерде жеткізіп берілді.

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385