Сенбі, 23 Қараша 2024
2119 0 пікір 8 Қыркүйек, 2020 сағат 11:31

Минск орталығында белгісіз біреулер оппозиционер Мария Колесникованы ұрлап әкеткен

Беларусь оппозициясы жетекшілерінің бірі Мария Колесникованы 7 қыркүйекте таңертең белгісіз біреулер Минск орталығында ұрлап әкетті. Бұл туралы Tut.by баслымы оқиға куәгерлеріне сілтеме жасап хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, Колесникованы "Связь" деген жазуы бар микроавтобусқа отырғызып, белгісіз жаққа алып кеткен. Оның телефоны істемей тұр. Билік бұған қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Колесникова - қамаудағы саясаткер Виктор Бабариконың сайлау штабының өкілі. Ол сайлау науқаны кезінде "Үш әйел" митингінде сөз сөйлеген Валерия Цепкало және президент сайлауындағы кандидат Светлана Тихановскаялармен бірге танымал болды. Цепкало мен Тихановская елден кетуге мәжбүр болған. Колесникова оппозицияның жақында ғана құрылған Үйлестіру кеңесінің президиумына кірді. Ол Минск қаласында халық наразылығына қатысты.

Беларусь астанасындағы кезекті шеруге ондаған мың адам жиналды. Билік 6 қыркүйекте 633 адамды ұстады. Бұл мәліметті ІІМ баспасөз хатшысы Ольга Чемоданова хабарлады. Оның айтуынша, елдің басқа да өңірлерінде 42 наразылық акциясы өткен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394