Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
3642 4 пікір 8 Қыркүйек, 2020 сағат 14:11

Алексей Навальныйдың жағдайы жақсарып келеді

Әуежайда уланған орыс оппозиционері Алексей Навальныйдың жағдайы жақсарып келеді. Бұл туралы Берлиндегі «Шарите» клиникасының дәрігерлері мәлімдеді.

Азаттықтың орыс қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Навальный жасанды тыныс алу аппаратынан алынған. Енді өкпені жасанды желдету аппаратынан да алуға дайындық жасалып жатыр екен. Ол қазір өздігінен тыныс ала алады және оған айтылған сөзге реакция білдіре алады.

Дәрігерлер Навальныйдың ағзасына сіңген у ұзақ уақытқа дейін оның денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін дейді.

Естеріңізге сала кетейік, орыс оппозиционері Алексей Навальный 20 тамызды комаға түскен. Ол 19 күн комада жатты. 22 тамыз күні Навальныйды Омбыдағы ауруханадан Берлиндегі «Шарите» клиникасына жеткізген.

Ал өткен аптада Германия билігі Навальныйдың ағзасынан «Новичок» тобына жататын у табылғанын мәлімдеген. Германия Канцлері Ангела Меркел Мәскеуге қайрыла сөйлеп, оппозиционердің улануын тергеуді талап еткен.

Ал Мәскеу Алексей Навальныйды қасақана улады деген айыппен келіспейтінін мәлімдеген. Ресейде бұл іске қатысы қылмыстық іс қозғалған жоқ.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1178
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2705
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 825
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 797