Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
3293 2 пікір 11 Қыркүйек, 2020 сағат 12:02

Грузияда коронавирустың екінші толқыны басталды

Грузия премьер-министрі Георгий Гахария елде коронавирус пандемиясының екінші толқыны басталғанын мәлімдеді. 

10 қыркүйек күні Грузияда 57 адам COVID-19-бен ауырып, ең жоғары тәуліктік көрсеткіш тіркелген. Соңғы мәліметтер бойынша, науқастардың саны 1830 адамға жетіп, 19 адам қайтыс болған.

«Бүгінгі 57 және кешегі 44 жағдай елдегі эпидемиологиялық жағдай біртіндеп өзгеріп жатқанын көрсетіп отыр. Біз екінші толқын болады деп болжадық және бұл процесс басталып келе жатыр. Күзде болады деп есептедік, күзде басталды. Бастысы дүрбелеңге еш себеп жоқ. Себебі біз жағдайды толығымен бақылауға алып отырмыз», - деді Гахария.

10 қыркүйектен бастап елде мерейтой, үйлену тойы, басқа да іс-шара ұйымдастыруға тыйым салынған.

1 қазанда ашылады деп жоспарланған театр, кинотеатр және балалардың ойын-сауық орталығының ашылуы 1 қарашаға ауыстырылған.

Ал Грузияның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тамар Габуния мемлекет коронавирустың тарау көрсеткіші бойынша жасыл аймақтан сары аймаққа өткенін мәлімдеді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1263
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2798
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 913
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 861