Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2312 3 пікір 16 Қыркүйек, 2020 сағат 11:37

Өзбекстанда азаматтық алуды жеңілдететін заң күшіне енді

15 қыркүйекте Өзбекстанда азаматтық алуды жеңілдететін заң күшіне енді.

13 наурызда президент Шавкат Мирзияев қол қойған заңға енген өзгерістерге сәйкес, Өзбекстан аумағында туған, бірақ шетелде тұрып келген адамдардың азаматтық алуы үшін елде кемінде бес жыл тұруы шарт емес. Бұған қоса, Өзбекстанға 1995 жылдың 1 қаңтарына дейін келген, елде заңды тұрып келе жатқан азаматтығы жоқ адамдар автоматты түрде Өзбекстан азаматына айналады. Балалары өзбек азаматы болып танылған ата-аналар да заңға сәйкес, Өзбекстан азаматы болып есептеледі.

Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 1992 жылдың 28 шілдесінен бері Өзбекстанда тұрып келе жатқан, шетел азаматы емес адамдар да статустарын заңдастырғысы келсе, азаматтық ала алады.

Өзбекстан азаматтығын алғысы келетін кез келген адам өзбек тілінде сөйлей алуы тиіс, елде қосазаматтық заңсыз болып есептелгендіктен өзге мемлекеттің азаматтығынан да бас тартуы керек болады.

Abai.kz

3 пікір