Сенбі, 23 Қараша 2024
2895 3 пікір 16 Қыркүйек, 2020 сағат 13:07

Швецария Храпуновқа азаматтық беруден бас тартты

Швейцария билігі Алматының экс-әкімі Виктор Храпуновтың ұлы Ілияс Храпуновтың азаматтық беруді сұраған өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Швейцария Федералдық әкімшілік сотының 10 қыркүйек күні жариялаған үкіміне сай, бұл - түпкілікті шешім, ол апелляциялық шағым бойынша жоғарғы сотта қаралмайды. Сот мұның себебін "өтініш беруші азаматқа қарсы қозғалған сот істерімен" байланыстырып, Храпуновтың туған елінде "саяси қудалауға ұшырағаны" туралы келтірген дәйектерін назарға алмады.

"Олигархтың азаматтық алу туралы өтініші қанағаттандырылған жоқ". Швейцария Федералдық әкімшілік соты (ФӘС) 10 қыркүйек күні осындай тақырыпта жазылған баспасөз хабарламасын таратып, Ілияс Храпуновтың азаматтық алу туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартқанын қоғамға жеткізді.

Ілияс Храпунов 1998 жылы осыдан 22 жыл бұрын Швецарияға көшіп кеткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы Ілиясқа Интерпол арқылы да іздеу жарияланған. Ресми Нұр-Сұлтан оған ұйымдасқан қылмыстық топ құрып басқарған және заңсыз жолмен тапқан дүние-мүлкін заңдастырып алды деп айып таққан.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525