Сенбі, 23 Қараша 2024
2362 11 пікір 17 Қыркүйек, 2020 сағат 10:52

Тихановская: Өз еркімен кетсе, қауіпсіздігіне кепілдік беріледі

Беларусь президент сайлауында кандидат болған Светлана Тихановская президент Александр Лукашенко биліктен өз еркімен кетсе, оның қауіпсіздігіне кепіл беретінін мәлімдеді. Бұл туралы Тихановская украиналық "Левый берег" басылымына берген сұқбатында айтты.

"Талқыланады. Әлбетте, ол өз еркімен кетсе, мұндай мәселені қарастыруға болады. Сенімді түрде айта алам. Мен барлық адамдар атынан сөйлеуім керек. Бұл мәселеде көпшіліктің пікірі де ескеріледі", – деп мәлімдеді ол.

Лукашенко қауіпсіздігінің кепілі туралы сауалға ол: "президент "одан да көп" нәрсе алады", деп жауап берді.

Бұның алдында Лукашенко: "билік тастап кету, тапсыра салу үшін берілмейді", деп мәлімдеген.

"Көп сөз болмас үшін, ер азамат ретінде айтайын. "Ол билікті бермейді" деп сынаушылар бар. Дұрыс. Мені халық билікті бере салсын деп сайлаған жоқ. Билік тастап кету, тапсыра салу үшін берілмейді", – деп мәлімдеді Лукашенко 10 қыркүйекте.

Беларусьте бір айдан астам уақыттан бері жаппай наразылық шерулері өтіп жатыр. Акция Орталық сайлау комиссиясының президент сайлауында Лукашенко 80 пайыздан астам дауыс жинады деп жариялаған соң басталды. Светлана Тихановская штабы сайлаудың ресми нәтижесін мойындамады.

АҚШ  пен Еуроодақ елдері Беларусьтегі сайлау әділ өткен жоқ деп мәлімдеген. Ал Литва Светлана Тихановскаяны Беларусь президенті деп таныған.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525